Еңбек ер атандырады
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты: 1Үлкендердің еңбектері туралы,жеңістің,жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер,мамандықтың суретін көрсету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Сабақты С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
Қарап тұрсаң,не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа
-Балалар суретте не бейнеленген?
-Адамдар немен айналысып жүр?
-Олар машинаның немесе көліктің қай түрімен жүұмыс жасап жүр?
-Не жинап жүр?
Балалар ауылдағы және қаладағы адамдардың еңбектері бейнеленген,Ауылдағы фермаларда малдарды,құстарды бағады оның етін қаладағы базарларға саудаға,жүнін фабоикаларына апарады,Міне адамның қызу еңбегі. Малдарға егіншілер шөп,бидай егеді.Ал тракторшы осы шөпті,жемді тасиды.
-Суреттегі тігіп отырған апай қандай мамандық иесі деп ойлайсың?
-Баланы тексеріп отырған тәтеші?
-Арнайы форма киген ағалар?
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Тігінші немен айналысады?
-Егінші не істейді?
-Тракторшы немен айналысады?
-Дәрігер қандай жұмыс істейді?
VII Бекіту
Мақал-мәтел: «Еңбек ер атандырады»
«Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей»
«Іздегеннің алдынан
Іздемей-ақ табылар»
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.