Еңбек ер атандырады
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты: 1Үлкендердің еңбектері туралы, «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталау.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер,мамандықтың суретін көрсету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,
Сабақтың түрі:Қайталау
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
II Сабақ мазмұны
-Балалар бүгін біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталаймыз.
Сабақты С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
Қарап тұрсаң,не керек
Елдің бәрі жұмыста.
Гүл сорады көбелек,
Дән тасиды құмырсқа
Н.Жанаев «Егінші»
Бітік егін өсіріп,
Еліне бақ сыйлаған.
Егінші ісін өс біліп,
Ол-халыққа сыйлы адам
М.Әлімбаев «Қозы»
Көп-кішкене,момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам: «Қозым»-деп,
«Қошақаным»-өзің деп
Сергіту сәті: : Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Себетке оны салайық
VII Бекіту
-Шопан не бағады ?
-Алынатын өнімнің суретін көрсет.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.