Тәуелсіздік тұғырың

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырың

Мақсаты:      1 Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Баланың халқына,ұлтына деген сүйіспеншілігін оятып адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер,Н.Ә.Назарбаевтың суреті,Қ.Р. рәміздері.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,

Сабақтың түрі:Бекіту сабағы

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгін «Тәуелсіздік тұғырың» тақырыбын қайталап тәуелсіздік мейрамы қай күн екенін еске түсіреміз.

VI Бекіту

Балалар біздің мемлекет тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз деген.Ешкімге,ешқандай басқа мемлекеттерге бағынбайды өз билігі өз қолында.Өз президенті,өз елтаңбасы,туы,әнұраны,ата заңы бар.Біздің мемлекет Қазақстан болғандықтан мемлекеттік тіліміз  қазақ тілі.Жалпы Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.Мысалы:Қазақ,орыс,ұйғыр,татар,дүнген т.с.с.Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан.Қазақ тілін Қазақстан азаматы білуіге міндетті.Дініміз ислам.

Өлең:Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт,әдемі

Тұнығындай көңілді,

Ортада-аспан  әлемі

Құт,берекесі-шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда,-

Еркіндігім ел таңбам.

 

 

VII Қорыту

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.