Туысқан елдер достығы

Тақырыбы:  Туысқан елдер достығы

Мақсаты:      1.Оқушыларға Қазақстанға көршілес жатқан мемлекеттермен таныстыру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.

3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа  көршілес елдерге туысқандық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгінгі сабақта туысқан елдер достығы туралы оқып білеміз.

V Жаңа сабақ

-Балалар біздің отанымыз қай мемелекет ?

-Қазақстан

-Қазақстанның астанасы қай қала?

-Астана

Қазақстаннан басқа тәуелсіз мемлекеттер бар екенін айтып,солармен қазақстан достық қарым-қатынаста екенін түсіндіру.

Көрші мемлекеттер:Өзбекстан,Қырғыстан,Тәжікстан,Түркіменстан,Ресей,Украина

Олардың астанасы:

Өзбекстан-Ташкент

Түркменстан-Ашхабат

Тәжікстан-Душанбе

Қырғыстан-Бішкек

Сергіту сәті: :          Секең-секең ей лақ

Жүрмін саған келіп –ақ

Тыным тапсаң болмай ма

Секірмей-ақ кей уақ

 

Әліппе дәптермен жұмыс:Б.Ысқақов «Достық космодромы»

Мақтанышы даламның-

Байқоңырдың құшағы.

Ұрпақтары ғаламның

Осы жерден ұшады.

 

Байқоңырдан ұшқанға

Барлық әлем қарады.

Дос құшақтар аспанға

Көтеріліп барады.

VI Пысықтау

-Қазақстанмен қандай көршілес мемлекеттерді білесіңдер?

VII Бекіту

Көршілес мемлекеттердің астанасын ата ?

VIII Бағалау           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау