«Орман дәрігері» ертегісі

Тақырыбы: «Орман дәрігері» ертегісі

Мақсаты:      1.Ормандағы құстар жайлы,олардың пайдасы туралы айту

2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу

Көрнекілігі:     Ертегі кездесетін құстардың,ағаштардың,орманның  суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:Бұғана,кемеліне,семіп,құрап,сарнап ,сая,пана,науқас,құр сүлдері,құйқылжыта,ежелгі,кәсіп,айдын көл,келте ,быртық,шіріңкіреген,қауырсын,олақ,т.б.

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

  • Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
  • Психологиялық сәт

«Ақ көгершін» әні орындалады.

IV Мақсат қою

Балаларға  орман дәрігері ертегісін өтетінімізді ескерту.

V Жаңа сабақ

Құстардың суреті.

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Қандай құстар?

-Тағы қандай құстарды білесіңдер?

Дидактикалық ойын «Орман ағаштары».Ойынның шарты:Салынған суреттегі ағаштарды атай білу. (қарағай,шырша,қайың)

Әңгімені оқып беру.

Сергіту сәті:   Кел,балалар,тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

VI Бекіту

-Терек қандай ауруға шалдықты ?

-Терек көмекті қалай сұрады?

-Теректің дауысын естіп,не ұшып кеді?

-Көгершін қандай құс?

Аққу көгершінге қандай кеңес берді?

-Көгершін қандай белгісіз құсты терекке алып келеді?

-Теректі емдеп берген қандай құс ?

VII Қорыту

«Үй құстары» ойыны.Ойынның шарты:үй құстарын және олардың пайдаларын толық атай білу.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.