Күздің белгілері
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Күздің белгілері
Мақсаты: 1.Күз мезгілі туралы алған түсініктерін кеңейту.Балаларды күздің сыйымен таныстыру.
2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Көрнекілігі:күз мезгілі бейнеленген суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Меңгерілетін сөздер: алтын күз,күздің сыйы,береке,байлық
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Ендеше бүгін күз мезгілінің белгілерін анықтаймыз.
V Жаңа сабақ
Алтын күз туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
-Қырманда қандай еңбек жүргізіледі?
Сурет бойынша әңгіме.
Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
Жұмбақ шешу: Қақпаны тарс-тарс жабады
Терезені қағады.
Уілдейді ысқырып,
Қорқытады баланы. (Жел)
Аспаннан домалап
Көп моншақ төгілді.
Бусанды бар алап,
Терілді,келді. (Жаңбыр)
VI Бекіту
Ойын: «Күздің сыйы» Көкөністер мен жемістердің суреттері ілінеді.
Мысалы: алманың суретін алған бала «алма» сөзін қатыстырып,сөйлем құрастырады.Оның пайдасын айтады.
VII Қорыту
-Күз мезгілін неге халқымыз ырыс-береке деп атаған?
-Күз мезгіліндегі дәрумендерді ата.
-Күз мезгілі саған несімен ұнайды?
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.