5 саны және цифры. Бесбұрыш
Сабақтың тақыры: 5 саны және цифры. Бесбұрыш
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды 5 санының құрылуымен,
5 цифрының жазылуымен және құрамымен таныстыру. Оқушылар бесбұрыш және оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамтыушылық: Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту ауызша есептеуге дағдыландыру, көркем жазуға үйрету.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, қалталы палатка, кеспе цифрлар, үлестірме материалдары.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын жаттығу.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау.
«Неше рет?» ойынын ойнату.
Мақсаты: заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту.
Шарты: Мұғалім қол шапалақтайды балаларсоған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Психологиялық дайындық.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Қосып едім екеуін,
Балып шықты 10 саусақ
ә) 5 саны мен цифрымен таныстыру.
Қалталы полотноға дөңгелекшелерді салып, мысалдар келтіру.
4+1=5 2+3=5
1+4=5 3+2=5
5-4=1 5-2=3
5-1=4 5-3=2
5 санының құрамымен таныстыру.
Балаларға 1 см-ден 5 см-ге дейінгі ұзындықтағы
кесінділерді беріп, оларға көз мөлшерімен өлшемін
жазуды тапсыру. Содан кейін көрсетілген карточкаларын
алмасады да, кесінділерді сызғышпен өлшейді.
Кім кесінділерді көзімен дәл өлшесе, сол жеңімпаз аталады
б) Дәптермен жұмыс.
5 цифрын жазғызу
в) № 2 Сандар құрамын анықтау.
Ү. Қорытынды:
Қалталы полотноға екі түстегі геометриялық фигураларды қойып, оның ішінен тек бесбұрыштарды тапқызамын қалған фигураларды екі толқа бөлгіземін.
Балаларды мақтап – мадақтау.