Туған өлкем тамаша
Тақырыбы: Туған өлкем тамаша
Мақсаты: 1. Туған өлке туралы түсінік беру.
2.Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілігі сезімін ,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отан,табиғат жайлы суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Меңгерілетін сөздер:өлке,мекен,тербеткен,нәр,жаннат,береке.Мақалды талдау.
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Кірпігімізді түсірсек,
Көзіміз жұмылады,
Енді еркін демалайық,
Ғажап қана ұйықтасақ
Көз алдымызға туып өскен,
Жерімізді елестетеміз
Аула толған гүлдерге.
Гүлдерді иіскеп
Таза ауамен демаламыз.
Қолымызды жоғары көтеріп.
Жұдырығымызды түйеміз,керілеміз.
-Балалар балалар жаңағы жаттығуда көз алдарыңа не елестеді.
-Туған жеріміз
-Дұрыс сол «Туған өлкем тамаша» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Мақал: «Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас»-деген мақалды кім қалай түсінеді.
Өзіңнің туған жерің,елің әрқашан ыстық болады.Алысқа ұзап шықсаң,сағынасың.
Сондықтан да атам қазақ жер қадірін,ел қадірін осындай мақалдармен жеткізген.
-Қане, балалар, өз туған жерлерің жайлы не білесіңдер?
Үлгі жауаптар:
-Менің туған өлкем Құйған ауылы.Туған өлкемнің табиғаты тамаша.Біздің ауылымыз екі өзеннің ортасында орналасқан.Сол екі өзен көлге барып құйылғандықтан біздің ауыл Құйған деп аталады.
-Менің ата-анамның туған өлкесі-Сарыарқа.Біз жазғы демалыста атам мен әжемнің үйіне қонаққа барамыз,яғни туған өлкемізге барып қайтамыз.
Сергіту сәті: Керілеміз,созыламыз.
Терең алып тынысты,
Оңға бір,солға бір.
Терең алып тынысты
Жалғаймыз біз тынысты
VI Бекіту
Е.Елубаевтың «Достық» өлеңін оқу.
Шумақтар бойынша талдау жүргізу.
VII Қорыту
-Өлеңнің авторы кім?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-«Ортақ мекен жер шары»- дегенді қалай түсінесің?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.