Қыс туралы өлең

Тақырыбы: Қыс туралы өлең

Мақсаты:      1. Балаларды қыс қызығын тамашалауға,табиғат көрінісін сипаттап,балалардың көңілдендіретін қыстың қызықтарын айту.

2.балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер: ұлпа,мамық,үлпілдек,жұмсақ,қолды қарып,жылтылдап шағылысып,ақ күміс,ақ мата

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?

-Қыстап қалған құстарға қйтып көмектесеміз?

-Бүгін қыс туралы өлең жаттаймыз.

V Жаңа сабақ

Атамның алып күрегін

Ауланың қарын күредім

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын,

Шаң- тозаңды қуамын

Өлеңнің мазмұнын ашатын сұрақ-жауап алу:

-Атаға қалай көмектеседі?

-Әжеге не әкеп береміз?

-Үйді қалай жинау керек?

Сурет бойынша жұмыс:

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қандай ойындар  ойнаймыз?

 

Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан

Боран соғар сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтер қолғаптан

VI Бекіту

Жұмбақ шешу

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады   ( Қар)

Көсеуді бесеуге тықтым   (Қолғап)

VII Қорыту

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Қыста қардан не жасауға болады?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.