«Қаңтар мен ақпан» ертегісі
Тақырыбы: «Қаңтар мен ақпан» ертегісі
Мақсаты: 1. Ертегіні оқып,мазмұнын түсіндіру
2.Ертегіні балалардың өздеріне айтқызу арқылы сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту.
- Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Меңгерілетін сөздер:
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-«Аязды қыс» әнін айтып,өлең мазмұнына сай қимылдарды орындайды.
-«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін өтеміз.
V Жаңа сабақ
«Қаңтар мен Ақпан» ертегісін оқып,мазмұнын айтып беру.Оқушылардан түсінгенін сұрау.
-Ақпан терезеден нені көрді?
-Қаңтар әрекетін баянда.
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтер қолғаптан
VI Бекіту
«Екі аяз» ойыны
Ойнау тәсілі:
Залдың бір жағына ойнаушылар тұрады.Екі бастаушы алаңның ортасында ойнаушыларға қарама-қарсы тұрады да өлең айтады.
Ағайынды екі Аязбыз,
Қорықпаймыз ешкімнен,
Мен-Аяз қызыл мұрын,
Мен-Аяз көк мұрын.
Кім бізге бөгет болады,
Оларды жолға жолатпаймыз.
Балалар бірдей жауап береді.
-Қорықпаймыз аяздан.
Аяздан да мықтымыз.
Содан кейін залдың бір жағына жүгіреді.Аяздар оларды ұстауға тырысады.Аяздар ұстаған балалар бір орында тұрады.Оларды қолдарынан ұстап тірілтіп алуға болады.
VII Қорыту
— Ертегі ұнады ма?
-«Екі аяз» ойыны қызықты ма?
-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.