Құстарды мен қорғаймын.Саябақ өлеңдері.

Тақырыбы: Құстарды мен қорғаймын.Саябақ өлеңдері.

Мақсаты:      1.Туған табиғатқа деген балалардың түсініктерін кеңейту.

2.Табиғат байлығы,оның алуан түрлігі,балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу

Көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» деген тақырыпты суреттер.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Меңгерілетін сөздер:биік таулар,көркем келбеті,бұлақ сыңғыры,сыбдыр жел,тымырсық дала,көк шалғын.

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгігінгі сабақта табиғаттың бір бөлігі құстар жайлы өтеміз.

V Жаңа сабақ

Психологиялық сәт

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады:тырс-тырс,

Терезе қағады,

Жылғалар ағады:тырс-тырс.

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады:тырс-тырс.

-Балалар,табиғат бізге қандай сый берді?

-«Табиғатты аялау керек» дейміз ол үшін не істеу керек?

-Қоқыстарды төкпеу керек.

-Ағаш бұтақтары,гүлдерді,,шөптерді жұлмай,оларды күту керек.

Құстарға қамқор болып,жемшашарға үнемі нан қорымдарын,бидай,тары сияқты дәндерді шашып қою керек.

К.Ғабдуллиннің «Құстарды мен қорғаймын», «Саябақ өлеңдері» атты өлеңдерін оқып беріп,мазмұнын ашу.

Сергіту сәті:

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі,

Кестеленген жиегі

Кең даланың гүлдері.

 

VI Бекіту

Ойын: «Жапырағына қарап таны»

VII Қорыту

-Құстарды қорғау үшін кім қандай көмек көрсетеді?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Құстардың сайраған дыбысын келтір.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.