«Жасыл шырша!»-атты ертегіні сахналау

Тақырыбы: — «Жасыл шырша!»-атты ертегіні сахналау

Мақсаты:      1.Қыс мезгіліндегі ең ерекше мереке жаңа жыл екенін түсіндіру.

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қыс мезгілі,жаңа  жыл мерекесіне арналған  суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі: Бекіту

 

Меңгерілетін сөздер: ұзын бойлы,аумағы,инесі,жұпар иісі,орнаған,бүрсиіп

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Адамдар жаңа жылды неге асыға күтеді?

-Жаңа жылда қандай тілектер айтылады?

Балалар жауабы:

-Жаңа жылда бір жасқа үлкейеміз.

-Армандарымыз орындалады

-Ескі жылда бітірмеген істерімізді,жаңа жылда аяқтаймыз.

-Жақсы тілектер айтылады.

— «Жасыл шырша!»-атты ертегіні сахналаймыз.

VI Бекіту

Зал ішінде тал теректер,шыршалар қойылып,орман көрінісі бейнеленеді.Құстардың,аңдардың суреттері ілініп көркемделеді.Сазды әуен ойналып,шырша киіміндегі қыз кіреді.Ол шыршалар арасымен жүріп ортаға келеді.

Шырша:-Мен шыршамын.Жапырағым мәңгі жасыл болып тұрады.Мекенім- орман.Орманға көрік беремін.Адамдар жаңа жылда мені сәндеп,түрлі ойыншықтар іліп,қаланың,ауылдың сәнін кіргізеді.Жасыл шырша мерекесі менсіз өтпейді.

Осы әдемі шыршаға қастандық жасамақ  оймен жай басып,қабағын түйіп Жезтырнақ кіреді.

Жезтырнақ:-Адамзатқа жақсылық жасамау керек.Олардың көңіл-күйлерін құртамын!Жаңа жыл мерекесін өткізбес үшін,жасыл шыршаның бәрін шауып тастаймын.Содан кейін көрейін олардың мерекесін.Ха-ха-ха мен тұрғанда адамға жақсылық жоқ!Білдіңдер ме?Ха-ха-ха!

Балтасын сермеп,шыршаны шаппақ болып ұмтылады.Шырша сескеніп шегінеді.

Шырша:

-Балалар, құтқарыңдар!Меніжезтырнақ шауып тастамақ.

(Сол кезде балалар көмекке келеді)

Жезтырнақ қорқып кейін  шегінеді .

Балалар: Тарт қолыңды шыршадан!

Сиқыршы:

-Жасыл шыршаны қимақ болған қайсысың?Жамандық ойлаған кім?Жезтырнақ бұл сенің ойраның ба?Балалардың мерекесін неге бүлдіресің?

Жезтырнақ:

-Кешіріңдер, достарым.Мен байқамай қалыппын.Мен табиғатты қорғаймын.Мен сендерді қолдаймын.(Қатесін түсініп ұялған болады).

Сиқыршы:

-Онда достасайық.Жезтырнақ,екінші рет мұндай қылықтарыңды көрмейтін болайын.Қане,құшақ жайып,достық тойын тойлайық.

Балалар қол ұстасып «Жасыл шырша» әнінің мазмұнына сәйкес қимылдар жасап орындайды.

Сиқыршы:Балалар жасыл шыршаны құтқарғанымыз қандай жақсы болды?Шыршалардыңдың табиғатымызға көрік беретінін сендер білесіңдер ме?Осы шыршалардың қай жерде өсетінін білесіңдер ме?

-Орман дегенді қалай түсінесіңдер?

-Орман-көп ағаштары,құстары,аңдары бар ғажайып жасыл алқап.Ол жерде көп гүлдер,саңырауқұлақтар,бүлдіргендер өсіп,құстар сайрайды.

Сиқыршы:Сендер қандай орман түрлерін білесіңдер?

-Орманның көптеген түрлері бар.Қайыңды орман,шыршалы оман,қарағайлы, еменді орман және аралас рман болады.

Сергіту сәті: «Қояндар»биі

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Биыл қандай жаңа жыл енді?

-Ұлу деген немене?

-Ұлу қайда жүреді?

-Сурет бойынша қандай әңгіме айттық?

Ойын: «Сиқырлы таяқ»

Ән «Аққала»

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы