Отбасындағы алименттік қатынастар
Күні: 16.04.2012
Сыныбы: 10 «ә»
Сабақ тақырыбы: Отбасындағы алименттік қатынастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға отбасындағы құқықтық қатынастарды реттеуді меңгерту, мүліктік қатынастар соның ішінде алименттік міндеттемелер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін дамыту
Тәрбиелік: Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен адалдық, мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: сабақ мазмұны көрсетілген слайдтар, Конституция
Оқыту технологиясы: БжС, ауызша 2
Пәнаралық байланыс: Адам және қоғам
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ТСҚ алу арқылы. (5 мин)
63-100 сөз жазған оқушыларды ООМ-ға енгізу
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. 100-ден астам сөз жазған 2-3 оқушыдан үй тапсырмасын қорыта сұрау.
ІV. Актуалдау.
— Өткен сабақта некенің тоқтауы, бұзылуы жайында білген болатынбыз. Бұл құбылыс адамға ғана емес бүкіл қоғамға кері әсерін тигізетін қасірет екенін білеміз. Неке бұзылған жағдайда отбасы ыдырайды, ортадағы бала қамқорлыққа, тәрбиеге зәру болады. Мұндай жағдайда ата-ана тарапынан балаға көмек көрсетіледі. Ол көмекті «алимент» деп атайды. Бүгінгі сабағымызда алименттің не екенін және оның түрлерін білетін боламыз.
- Жаңа сабақ (слайдқа сүйене отырып түсіндіру).
Мәтінмен жұмыс (7 мин)
7 тірек сөзді мәтіннен табу
Мұғалімнің тірек сөздерімен салыстыру:
- алимент
- алимент түрлері
- 3. 129бап
- алиментті тоқтату
- 5. жұбайлар алименті
- 6. кәмелет жасы
- 7. алименттен босату
Тірек сөздерді есте сақтау (30 сек)
Тірек сөздерді жатқа жазу (30 сек). 6-7 сөз жазған оқушыларды ООМ-ға ендіру
7 тірек сөздердің мағынасын ашу. Дұрыс жауап берген оқушыларды ООМ-ға ендіру
СТО сұрақтары (1 мин). І вариант – ІІ вариантқа,
ІІ вариант – І вариантқа тест сұрағын, үш жауабымен қояды.
Дұрыс жауап берген оқушыны ООМ-ға ендіру
Үй тапсырмасы: Тақырып соңында берілген жағдаяттарды талқылау
Бағалау.