Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер
Математика 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептер.
Сабақтыі мақсаты: 1.Есептің жаңа түрі — бір бағыттағы қалып қою
қозғалысына берілген есеп түрімен танысу.
2.Есептеу дағдыларын жетілдіру.
3.Есептің өтілген түрлерін шығара білуді дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, СТО, деңгейлеп-саралап оқыту,
Көрнекілігі: Кестелер. Суретті сызбалар. Сағат. Күнтізбе.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру.
2 Психологиялық икем.
- Сағатты пайдалана отырып. уақытты есептеу.
5 сағат 10 минут, 2 сағат 35 минут
- Күнтізбені пайдаланып шығару:
25 қыркүйек 2001 жыл — 6 қыркүйек 2002 жыл —-1 жыл 346 күн
6 қыркүйек 2002 жыл -5 қаңтар 2012 жыл —- 9 жыл 4 ай.
- Тірек білімдерін жетілдіру.
№ 1. Есептің мазмұнын түсініп оқу, талдау.
а) Бір елді мекеннен бір уақытта 90 км\сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 70 км\сағ жылдамдықпен автобус жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?
Кестені толтыру: Қозғалыс уақыты: 1 сағ. 2 сағ 3 сағ
Ара қашықтық: 20 км. 40 км. 60 км
Шешуі: 90 ·3-70 ·3=60 км.
ә) Бір елді мекеннен жеңіл машина мен автобус жолға шықты. Автобус 70 км\сағ жылдамдықпен қозғалды, ал жеңіл машина жылдамырақ жүріп, 3 сағаттан кейін автобусты 60 километрге басып озды. Жеіңл машина қандай жылдамдықпен жүрді? (Сызба арқылы түсіндіру)
Шешуі: 70·3+60=270 270 : 3 = 90 км
б) Бір елді мекеннен бір уақытта 90 км\сағ жылдамдықпен жеңіл машина және 70 км\сағ жылдамдықпен автобус жолға шықты. қанша уақыттан кейін олардың арақашықтығы 60 км болады?
Шешуі: 90-70=20 60 : 20=3 Жауабы: 3 сағат
- Жаңа білімді бекіту. СТО әдісі.
№3 Сызба бойынша есеп құрату.
А) ṿ-200м\мин ṣ-? ṣ-500м ṫ-?
*————————————————————————————
ṿ-300м\мин ṣ-?
Б) ṿ-5км\сағ ṣ-? ṣ -? ṫ=4сағ
—————————————————————————————
ṿ -6км\сағ ṣ-?
Тұжырым жасау: а)Егер алыстағының жылдамдығы артық болса,
қуып жетеді және басып оза алады.
б) Егер бір нүктеден бір уақытта шықса, біреуі басып
озады, екіншісі қалып қояды.
в) Олардың арасындағы қашықтық ұлғая береді.
- Өтілген материалмен жұмыс.
№4 Есепті оқып, сандық берілген деректермен толтыру, шығару. (ауызша)
Бір бала мен қыз бала бірдей мөлшерде түрлі түсті қағаз парақтарын сатып алды. Ер бала О парақ, ал қыз бала О парақ сатып алды. Қыз ер балаға қарағанда О теңге артық төледі. Қағаздың бір парағы неше теңге тұрады?
Анықтама материалдары: а) 7 бет, 12 бет, 65 теңге.
б) 14 бет,24 бет, 130теңге.
№6 Теңдеу шешу. 3 оқушы тақтада, қалғаны соңғы теңдеуді орындарынан орындайды.
(×+20) *4=3105 × :34=17000+204 57*(500-×)=11457
16912 : × =7890 – 7834
№7 Кестені толтыру. Көлемді табу.
а | ә | б | в | г | ғ | |
A | 160см | 90дм | 50м | 40мм | 20см | 120дм |
B | 30см | 70 дм | ? | 80мм | 40см | 40дм |
H | 20см | ? | 4м | 30мм | ? | 30дм |
V | ? | 6300дм 3 | 8000м3 | ? | 3200см3 | ? |
Жауаптары: а) 96000см3 ә)1дм б)40м. в)96000мм3 г)4см
ғ) 144000дм3
- Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-деңгей. Жылдамдық, уақыт, қашықтықтың өзара байланысына берілген ережелерді қайталау.
Жылдамдықты қалай табамыз?
Қашықтықты қаалй табамыз?
Уақытты қаалй табамыз?
2-деңгей . Сурет бойынша қозғалысқа есеп құрастыру.
3-деңгей. Біріне бірі қарама-қарсы бағытталған қозғалысқа есеп құрасыру.
4-деңгей. Артынан қуып жету қозғалысына берілген есеп құрастыру.
- Қорытындылау. Бағалау.
- Тапсырма № 5, 8