Адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері

Тақырыбы: Адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және даму үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет. Олардың қатарына: азық, киім, баспана, көлік тағы басқалар жатады. Сонымен қатар адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Оған өзге адамдармен жүздесу, танысу, сыйласу, сүйіспеншілік сезімдері де тән. Осының бәрін біз қажеттілік дейміз. Қажеттіліктер адамның тілек-қалауын, эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.

Қажеттілік — организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағат-таңдырылмауымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталеан. Адамзаттың тарихи дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың қажеттіліктері  орай адамның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған материалдық игіліктерді: күнделікті тұтынатын заттар және ұзақ мерзім бойы оларсыз күн көре алатын заттар деп белуге болады. Бұлардың

біріншісіне — тамақ, ауыз су, киім, баспана және сол сияқтылар жатады.

екіншісіне — қымбат және сәнді бұйымдар, көпшіліктің қолы жетпейтін автомобиль маркалары, виллалар жатады.

Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Белгілі америкалық ғалым А.Маслоу адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейлінше айшықты анықтап берді. Ол ұсынған жүйе бойынша адамның кажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады. Олар мыналар:

  • физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл, демалыс);
  • өзін қорғау қажеттілігі (қауіпсіздік, қорғану);

3)  әлеуметтік қажеттіліктер (адамдармен қарым-
қатынас, билік, махаббат);

4)  тұлға ретінде танылу қажеттілігі (мәртебе, бедел);

5)  өзін көрсету қажеттілігі (өзін-өзі дамыту, ойы мен санасындагыны жүзеге асыру).

Экономика. Экономика (грек, oikonomia — шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қаты-настарды айқындайды, олардың базисі болып табылады.

Еңбек бөлісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлісінің дамуы жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күшейе түседі. Олардың әрекеттерін үйлестіру қажеттігі артады. Тауар өндірушілердің кызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруа-шылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.

Өндіріс және өндіріс факторлары. Өндіріс — өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек. Олардың біріншісі — сол өнімді дайындайтын табиғи зат; екіншісі—өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатъш еңбек құралы; үшіншісі — адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі; төртіншісі — аталған үш элементі өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Экономика тілнде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент, тиісінше: жер, капитал, еңбек жэне кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Жер ұғымы бұл жерде кәдуілгі біз аяқ басып жүрген жерден басқа өндірісте қолданылатын табиғи ресурстардың бәрін сыйғызады.

Капитал—өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы. Капитал ақша қаражаты ретінде қолданылуы мүмкін. Еңбек дегеніміз — адам ресурсы, былайша айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі. Кәсіпкерлік-өндірісті ұйымдастыру қабілеті.

Бекіту кезеңі:

  • Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңыздар.
  • Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?
  • Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіздер? Экономикалық жүйелердің негізгі тұрпаттарын атаңыздар.
  1. Өндіріске анықтама беріңіздер,   өндіріс   факторларын атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Өндіріс әрқашанда қоғамдық сипатқа ие және қатынастардың екі түрін қамтиды. Олардың біріншісі өндіргіш күштер деп аталады. Ол адамдардың табиғатқа қатынасын білдіреді де, табиғатты өзгертуге бағытталған адамның дене және рухани күші ретінде көрініс береді. Екіншісі өндірістік қатынастар деген ұғыммен сипатталатын адамдардың өзара қатынастары болып табылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §12, 51-55 б.б.