Тауар. Ақша. Тауар өндіру.

Тақырыбы: Тауар. Ақша. Тауар өндіру.

 

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Нарық және нарықтық қатынастар туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  • Тауар.
  • Нарық.
  • Ақша.
  • Құн және баға.
  • Сұраныс және ұсыныс заңы.
  • Бәсеке және монополия.

Тауар. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек бөлінісінің дамуы тауар өндірісінің пайда болуына алып келді. Еңбек бөлінісі жағдайында әркім өзінің қолынан келгенін өндірді. Өндіруші өнімін келешекте өзіне қажетті өзге өнімге айырбастау ниетімен өндірді. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады.

Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына бай­ланысты өмірге келді. Тауар — өндіруші өзге тауарға айырбастауға арналған өнім.

Нарық. Нарық ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Батыстан келген «рынок» сөзі әуел баста сатушы мен сатып алушы кездесетін «орын» ұғымын білдірген. Қазіргі кезде «рыноктың» қазақша баламасы ретінде алынып жүрген «нарық» ұғымы кең мағынада қолданылады.  Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда,

нарық дегеніміз—нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм

Алғашында тауар айырбастау қарапайым формада, негізінен, баспа-бас (бартер) түрінде жүзеге асырылды. Мұндайда «сатушы» мен «сатып алушының» мүдделері үйлесе бермейтін. Кейде адамдарға өздеріне қажетті тауарды алу үшін бірнеше айырбас жасауларына тура келетін. Сонымен қатар ұтылып қалмау жағын ойластыру тағы керек. Мысалы, қой иесіне балта керек болды дейік. Бір қойды үш балтаға айырбастауға болады. Ал қой иесіне бір ғана балта керек. Бір балта үшін ол койын бере салмайтыны белгілі. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады? Оның бір-ақ жолы бар: өзге тауарлардың бәріне өлшем бола алатындай және сатушының бәрі кедергісіз қабылдайтын бір тауарды бекіту керек. Осылай ақша  пайда болды.

Ақша. Ақша экономиканың даму тарихында «ерекше текті тауар» болып келді. Ақшаның ерекшелігі оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үрдісінде делдал-тауар қызметін атқарды.

Сонымен ақша дегенміз—жалпыға бірдей балама ретінде қызмет ететін ерекше тауар. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады: 1) айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады; 2) құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді; 3) қорлану қоры қызметін атқарады, егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.)

Құн және тауардың бағасы. Әр тауардың өз бағасы болады. Тауарды сатып ала отырып, біз оның сол үшін төленген белгілі бір ақша сомасындағы құнын танимыз. Міне, ақшамен бейнеленген осы құн оның бағасы болып шығады.

/ Келесі тұжырымдама бойынша, тауардың құы оны өндірушінің өндіріе факторлары ),(еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады. Мұндайда тауардың бағасы оның құнымен арадағы байланысын жояды, сатып алушының субъективті бағасымен айқындалады. Нарықта тауар сатып алушы адам өндірушінің шығындарын ескермейді, ол тек тауардың пайдалылығына мүдделі. Бұл жерде сатып алушының бағасы өндірушінің шығындарына қараганда әлдекайда маңызды болып шығады.

Ұсыныс және сұраныс заңы. Нарықтық баға құрылу үрдісінде сұраныс пен үұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс —  деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз. Бұл жерде қажеттіліктің бәрі сұраныс бола бермейтінін, тек оның сатып алушының ақша қаражатымен қамтамасыз ете алатын бөлігінің ғана сұраныс болып табылатынын ескеру керек.

{Монополия—кәсіпорынның немесе кәсіпорындар тобыныц нарықта билік жүргізуге, боғат бақылай жасай алатын және оны айқындайтын жагдайға ие болды.

Бекіту кезеңі:

  • Ақша қандай кызмет атқарады?
  • Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
  • Үсыныс пен сүраныс заңын түжырымдаңыздар.
  • Монополия мен бөсекенің айырмашылығы неде?

Сабақты қорытындылау: табиғи монополиялар мемлекеттің меншігінде болады немесе оның бақылауымен әрекет етеді. Табиғи монополиялардың болуы өндірістің ауқымымен байланысты, өндірісті ірілендіру нәтижесінде ресурстарды үнемдеу үрдісінде қол жететін ерекше тиімділікпен шарттандырылады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §13, 55-61 б.б.