Қазіргі замандық өркениет. Ғаламдық проблемалар
Тақырыбы: Қазіргі замандық өркениет.
Ғаламдық проблемалар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Дәстүрлі және индустриалдық қоғамдар. Адамзат өркениеттері тарихи дамуы жағынан алып қарағанда: дәстүрлі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдар болып бөлінеді.
Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік-мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, Шығыс өркениеттері дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
Индустриалдық қоғам дегеніміз— қазіргі замандағы дамыған Қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауда қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталисты қоғаммен қатар аталатын екі негізгі категорияның бірі—өнеркәсіпті қоғам деген ұғымды білдіреді.
XV ғасырда адамзат тарихында түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Осы кезден бастап Еуропа суырылып алға шықты. Еуропалықтар Шығыстың қағаз жасау өнерін пайдалана отырып, кітап басу, ақпарат сақтау және оны тез таратуды жолға қойды. Шығыстың компасын пайдаланып, теңіздерде жүзді, жаңа құрлықтар ашты, оқ-дерісін пайдаланып, отарлар басып алды.
XVIII ғасырда құқықтық мемлекет құру және қоғамда құқықтық жағдайлар қалыптастыру негізінде экономикалық және саяси биліктерді бөлісу үрдісі басталды.
Қазіргі заманғы өркениет. Қазіргі заманғы өркениет XX ғасырдың соңы — XXI ғасырдың бас кезіндегі Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз
Жердегі адамзат өркениеті саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып енген 191 федерациялық және унитарлық мемлекеттерден, олардың кейбіреулерін біріктіретін конфедерациялардан, экономикалық және әскери одақтардан, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік құрылуы анықталмаған 60 шақты аумақтан тұрады.
Қоғам және табиғат. Қоғам — дүниенің табиғаттан ерекшеленген бөлігі. Ол ерекшеленудің негізі қоғамның даму еркіндігінде, оның саналы, ерікті адамдардан құралуында.
Демек, бұл жерде ерекшелену туралы айту қоғамды табиғаттан мүлдем бөліп алып қарастыру дегенге саймаса керек:
- Табиғат адам мен қоғамның заңдарынан тәуелсіз, стихиялы дамиды.
- Адам қоғамы жасампаз, түрлеңдіруші, мәдениет жасаушы сапасында әрекет етеді. /Ерекшеленудің мәні осында. Солай болса да, адам мен қоғамды ешқашан табиғатқа қарсы қоюға болмайды.») Адам қоғамы мен табиғаттың арасындағы қатынастардың басты ұстанымы осымен айқындалуы керек. Адам табиғатты жаулап алушы, бағындырушы ретінде емес, оны қорғаушы, сақтаушы, табиғатты аялай отырып, оның ресурстарын пайдаланушы ретінде әрекет етуге міндетті.
Экология (грек, oikos — мекен, logos — ілім, сөз) — организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
Биосфера (грек, bios— өмір, sphaira — таралу аясы) — жер шарын мекендейтін барлық тірі организмдердің таралу аясы. Терминді 1875 жылы неміс ғалымы Э.Зюсс енгізген.)
Тіршілік бар жерде тұтыну бар. Тұтыну бар жерде таусылу, ластану, жарамсыздану бар. Тұтынудың қай түрі болсын, ерте ме, кеш пе, ресурсты үнемдеу мәселесін алға тартпай қоймайды. Ал жердегі табиғи ресурстардың бәрі таусылмайтын, шексіз еместігін, адамзаттың кейбір параметрлер бойынша апаттық жағдайға таяп келе жатқандығын ескерсек, экологиялық проблемалардың қазіргі заманғы өркениеттің ғаламдық проблемаларының бастысына айналып отырғанын түсінуге болады.
Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын ұйымдар.
Адамдар табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану және оларды сақтау мәселелерімен айналыспай отырған жоқ. Жетпісінші жылдардан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық кеңестер мен мәжілістерде күн тәртібіне белсенді қойылып келеді. Әсіресе Римдік клуб деп аталатын халықаралық ұйым мен ЮНЕСКО-ның ынтасы бойынша экология тақырыбына түрлі семинарлар өткізіліп жүр.
ЮНЕСКО (ағылш. United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) — Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым жене мәдениет жөніндегі ұйымы.
Қазақстанда Семей атом полигонында болған жарылыстардың зардаптарын жою мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жұмыстарымен белсенді айналысып жүрген «Невада—Семей», Арал теңізінің тартылуынан болып отырған кеселдердің салдарын жою және теңіз суын қалпына келтіру бағытында жұмыс істейтін комитет бар.
Бекіту кезеңі:
- Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
- Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.
- Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы байланыстардың мәні неде?
- Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Сабақты қорытындылау: Соңғы жылдары экология мәселелерімен республика үкіметі қарамағындағы кейбір ведомстволар арнайы айналысады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §11,47-48 б.б