Қорытынды қайталау сабағы «Қоғам саясаты»
Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Қоғам саясаты»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
- Құрылым деген не?
- Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы қандай?
- Қазақстан Республикасының Зейнет ақы туралы не білесің?
- Орта тап қоғамы деген не?
- Ұлт және диаспора деген не?
- Ұлтаралық қатынастар деген не?
- Этноаралық қатынастар деген не?
- Отбасы басты мақсаты қандай?
- Неке туралы не білесің?
- Моногамды және полигамия отбасы деген не?
- Отбасының атқаратын функциясы қандай?
- Саясат деген не?
- Саяси жүйе деген не?
- Демократия ұғымы
- Мемлекеттік функциялары қандай?
- Мемлекетті басқару формасы қандай?
- Унитарлы мемлекет
- Саяси партиялар туралы не білесің?
- Саяси партиялардың атқаратын қызметі қандай?
- Саяси мәдениет деген не?
- Егемендік және тәуелсіздік дегенді қалай түсіненсің?
- Құқықтық мемлекет
- Әлеуметтік мемлекет
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер