ІІІ тоқсандық сынақ «Конституция»
Тақырыбы: ІІІ тоқсандық сынақ «Конституция»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
- Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?
- Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?
- Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңыздар.
- Азаматтық алу үрдісіндегі «қан құқығы» және «топырақ
құқығы» ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер? - Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?
- Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?
- Президенттің атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
- Бүкілхалықтық референдумның шешімі ең әділ және халықтың өзінің түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
- Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.
- Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?
- Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
- Палаталардың құрамы қандай және олар қалай сайланады немесе тағайындалады?
- Парламенттің тәуелсіз болуының қоғам дамуындағы маңызына сипаттама беріңіздер.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.
- Үкіметті кім басқарады, оның өкілеттіктері қандай?
- Үкіметтің өзге де мемлекеттік билік органдарымен арақатынасына сипаттама беріңіздер.
- Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
- Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіздер?
- Сот төрелігі деген не?
- Конституциялық Кеңес не үшін қажет және ол қандай функциялар атқарады?
- КонституциялықКеңестің құрамын жасақтауда демократиялыққағидалар неден көрініс береді?
- Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды қай жылы?
- Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды және неше бөлімнен, баптан тұрады?
- Қазақстан Республикасының Конституциясына қай жылдар өзгерістер мен толықтырулар енгізді?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер