Қорытынды қайталау сабағы «Құқық бұзушылық»
Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
- Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.
- Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің еңбек жағдайларына
қатысты талаптардың іс жүзінде қолданылу мүмкіндіктері
туралы пікір алыңыздар. - Еңбек туралы заң мен әкімшілік кодекстің баптарын оқып шығып, өздеріңізге қажеттілерін жазып алыңыздар.
- Болашақ мамандықтарыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралыне білесің?
- Қылмыстық құқық» ұғымына жете мән бере отырып, жазбаша сипаттама жазыңыздар.
- Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін салыстырып қараңыздар.
- Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап
көрсетіңіздер. - Қазақстан Республикасының қылмысқа қатысты заңдарының және қылмыс жасағандарды жазалаудың негізгі қағидалары қандай?
- Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер