жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»
жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»
Пән: Адам, қоғам, құқық | Сынып: 9 б | Сабақ: 67 | Күні: |
Тақырыбы: жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
- Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.
- Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?
- Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс-
қаша сипаттама беріңіздер.
- Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?
- Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?
- Мәдениеттің атқаратын функцияларының қайсысы өте маңызды деп ойлайсыздар?
- Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?
- Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?
- Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?
- Мәдени дәстүрлерге не жатады?
- Қазіргі жастардың талғамдары қандай?
- Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.
- Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?
- Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?
- Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?
- Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?
- Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?
- Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
- Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
- Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?
- Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
- Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.
- Қарым-қатынастың формалары қандай?
- Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?
- Ресми стильдердің қандай түрлері болады?
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер