Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Пән мұғалімі: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы,
бірінші санатты тарих пәні мұғалімі, «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ, Семей қаласы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері»
(Құқық негіздері . 10 класс)
Өтетін класс: | 10 А класы | Басты мақсат: | |||
Сабақ типі: | Білім, білік, дағдыны қалыптастыру | Отбасы құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұматтарын кеңейту | |||
Сабақ түрі: | Жаңа тақырыпты меңгерту | ||||
р/с | Әдіс-тәсілдер: «құрастырылған ұғым», «мәтінмен жұмыс жасау», «ситуациялар талдау», «ішіне / сыртына»,»жүректен-жүрекке» | Білімдік мақсат: | Тәрбиелік мақсат: | Дамытушылық мақсат: | |
1. | Ұйымдастыру + оқушыларды түгендеу + топтарға бөлу (1,2,3,4 санау арқылы) (2-3 минут) | ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың құқықтары мен міндеттері (ерлі-зайыптылардың тең құқықтары мен тең міндетттері, мүлікттік қатынастар, ортақ мүлік, жеке мүлік, неке шарты, бала құқықтарын қорғау, ата-ана болу құқығынан айырылу, қамқоршылық пен қорғаушылық тағайындау) мағлұмат беру | Заңды құрметтеуге үйрету, әрбір адамның жасаған іс-әрекеті үшін өз отбасы мен жұбайы, балалары алдында жауаптылығын түсіндіру, саналылыққа, байыптылыққа, әлеуметік әділеттілікке тәрбиелеу | Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу, заңдық құжаттармен жұмыс жасау, оқулықпен, хрестоматиямен жұмыс жасау, салыстырмалы анализ жасау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады | |
2. | Қызығушылық ояту. «Тойбастар» Тапсырма №1. Ұсынылған заттарды біріктіретін бір ұғымды анықтау (табақтарға салынған әрбір топқа жекелеген заттар жиынтығы, интерактивтік тақта) (2-3 минут). Көрермендер бағасы | ||||
3. | А) Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау (1-2 минут) Ә) сабақ жоспарын оқушылардың дәптеріне жазғызу (2-3 минут) | ||||
4. | Тапсырма №2. Мәтінмен жұмыс жасау .Оқулықтағы § 29 бойынша әрбір топ өзіне арналған мәтінмен танысады. (5-6 минут) | ||||
5. | Тапсырма №3. Топпен жұмыс істеу. «Ситуация талдау» (интерактивтік тақтада берілген № 1, №2, №3 ситуациялар бойынша талдау жасау) (8-9 минут) Көрермендер бағасы | Дидактикалық материалдар:
| |||
· Тойбастарға арналған заттар (қағаз, мөр, паспорт, кружка, сағат, помада, шприц, қолшатыр, қалам, қағаз, ойыншық,күнтізбе,қайшы, асыл бұйым, кіоттер, картина) · Интерактивтік тақта · Слайд материалдары · Хрестоматия · Электрондық сағат · Жүректер · Күй «Сарыарқа» · Ән «Мұзарт» тобы «Анама сәлем» | |||||
6. | Тапсырма № 4 . «»Ішіне / сыртына» = «Үй құрастыру» (интерактивтік тақта мен жұмыс жасау, топтастыру, түсіндіру). (5-6 минут) . Көрермендер бағасы | ||||
7. | Бекіту. «Жүректен-жүрекке». «Мен өз отбасымды қалай жақсы көремін?» жазу /қорғау (оқушылар топтарға таратылған жүректерге өз отбасыларын қалай жақсы көретіндігі туралы жазуы арқылы тақырып бойынша эмоционалдық бекіту жұреді) (4-5 минут) | ||||
8. | Үй тапсырмасын беру: Өмірден мысал ретінде 2 ситуацияны құрастыру, жан-жақты талдау жасау (1 минут) | ||||
9. | Бағалау (1-2 минут). Көрермендердің берген бағалары бойынша ең үздік топты анықтау. |