4 санын қосу, азайту
Сабақтың тақырыбы : 4 санын қосу, азайту
Сабақтың мақсаты :
- Білімділік: 4 санын қосу және азайту және айырманың мәндерін қатесіз есептеуге дағдыландыру, білімдерін тиянақтау.
- Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын ояту, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс, ой қозғау, есептер шығару.
Көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта, оқулық, ережелер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақа ынталандыру, сәттілік тілеу!
2.Үй тапсырмасын тексеру: 4 санының құрамына берілген тапсырманы тексеру. Цифрдың қатесіз салынуына назар аударту.
Оқулықпен жұмыс:
Кел ойнайық! Балықтарды аквариумға орналастыру.
Ойын арқылы 1- тапсырманы орындату.
10-2=8 8-4=4 2+4=6 7+3=10 5+5=10
6+2=8 3+5=8 10-4=6 1+9=10
Тапсырманың нәтижесі бойынша аквариумдағы балық санын анықтау.
- Кім жылдам? Жұлдызқұрт тапсырмасы:
Тапсырманы өз беттерімен орындату.
5+4-1+2-6=4 10-4+3-2+1-5=3
- Жұлдызшаның орынына қандай белгі қою керектігін тапқызу.
Мысалы:
5+3*8 10-2 *7 т.б.
- Санының құрамын толтыру:
1+3=4 3+1=4 2+2=4
Көрнекіліктерді қолданып,ауызша тиянақтау.
Тақтамен жұмыс:
4+4=8 6+4=10 7+2=2 8-4=4 10-4 =6 9-7=2
Практикалық жұмыс:
Кесінділердің ұзындыңтарын өлшету, ұзындықтарын салыстыру, қорытындысын оқушылар айтады.
Топпен жұмыс:
Шарты: Өрік ағашы-3 түп
Шие ағашы — 4 түп
Шешуі: 3+4=7 (ағаш)
Жауабы: барлығы 7 түп ағаш.
Сергіту сәті:
Сергіту сәтін қимылмен көрсету арқылы жұмбақты шешу:
Тау басында төрт бала
Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қасына
Төрт айды әкеп байлаған.
Шешуі: жылқының төрт аяғы мен тағасы.
Деңгейлік тапасырмалар:
- деңгей: Үш сан аттай отырып сана, сандарды жаз. Өсу ретімен 4-тен бастап кему ретімен 10- нан бастап.
- деңгей: Салыстыр:
2+4*6-1 5+3*10-2
5+1*9-2 4+3*9-3
- деңгей: Қатесін тап:
6-3=2 4+3=7 3+5*10-2
10-3=6 5-4=1 4+3*9-3
Деңгейлік тапсырмалардың жауаптарымен интербелсенді тақтадан таныстыру.
Сабақты қорыту:
«Ойлан тап» ойынымен қорыту.
3+1<2+7…. 7-5=1+……
5-5>3-….
Үйге тапсырма: 4 санының қосу кестесін құрып келу.
Бағалау.
Интербелсенді тақтадағы көрнекілікті пайдалана отырып бағалау.