Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

Сабақтың тақырыбы: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
  3. Конституциялық құқық дегеніміз не?
  4. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.
  3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.
  4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.

Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі – адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:

— туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

— басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;

— Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;

— «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;

— егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

— тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну  нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алуАзаматтығын тоқтатуАзаматтыққа қабылдамау
-тумысынан

-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

-«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;

— ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса

— азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

— ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

— халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша

— адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

— ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

— терорлық әрекеті үшін сотталған болса;

— сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

— басқа мемлекеттің азаматы болса

 

 

    Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін   Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.

Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жеке құқықтар мен бостандықтар – адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.

Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.

Саяси құқықтар мен бостандықтар – Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.

Жеке адамның конституциялық міндеттері – ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың   Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:

  • әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;
  • әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;
  • әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін —                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;
  • заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;
  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;
  • Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
  • Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?
  7. Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?
  8. Үйге тапсырма: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
  9. Бағалау: