Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.
Сабақтың тақырыбы: § 4. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету, түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттіктері қандай?
- Парламент палаталарын атандар?
- ҚР үкіметін кім басқарады?
- Конституциялық Кеңес неше мүшеден тұрады?
- Білімдерін жан- жақты тексеру
- Маслихаттар дегеніміз не?
- Жергілікті атқарушы орган қандай орган?
- сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы қандай қағидаттар белгіленген?
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы бұл Президентті, Парламент депутаттарын және республика маслихаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін зерттейтін конституциялық – құқықтық нормалар жиынтығы.
Сайлау – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзеге асыратын маңызды институт.
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары – бұл сайлау үдерісінің барлық қатысушыларының басшылыққа алуға тиісті нормалар мен институттардың негізі болып есептелетін жетекші идеялар.
Жалпы сайлау құқығы дегеніміз – заң белгілеген жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, нәсіліне және басқа да жағдайларға қарамастан, Президент, Парламент, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайлану және сайлау құқығына ие болу
Тең сайлау құқығында сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады, олардың әрқайсысы бір дауыспен бір сайлау бюлетенін иемденеді, ал кандидаттар сайлауға қатысуда тең құқықта болады.
Тікелей сайлау құқығында Президент, Парламент, Мәслихат депутаттарын сайлайды. Жанама сайлау құқығында Парламент сенатының депутаттарын Мәслихат депутаттары сайлайды. Жасырын дауыс беруде сайлаушының еркінен тыс оған бағалаушы қойылмайды.
Президентті, Сенат депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% — дан артық дауысын жинағанда;
2) қайта дауыс беруде басқа кандидаттарға қарағанда сайлауға қатысқандардың көпшілігінің дауысын иеленгенде.
Пропорционалдық сайлау жүйесі партиялық тізім негізінде пропорционалдық ұсыныс бойынша және біртұтас жалпыхалықтық сайлау округтерінің аумақтары бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутатын тандау кезінде қолданылады.
Мәжіліс сайлауы өткізілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы, сайлауға қатысқан жеті пайызы немесе одан көп сайлаушылар дауысын жинаған саяси партияларға берілген сайлаушылар дауысының жалпы есебін шығарады.
Содан кейін аталған партияларға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы мәжілісте партияларға бөлінген депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже (алғашқы сайлау жеке саны) квота болып табылады.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттарын атаңдар?
- Жалпы бірдей сайлау құқығының қағидатын қалай түсінесіңдер?
- Қазақстанда қандай сайлау жүйелері қолданылады?
- Жаңа материалды бекіту:
- Сайлау құқығы дегеніміз не?
- Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының саны қанша?
- Үйге тапсырма: § 4. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.
- Бағалау: