Қазақстан Республикасындағы сайлау үдерісінің сатылары.

Сабақтың тақырыбы: § 8. Қазақстан Республикасындағы сайлау үдерісінің сатылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Қазақстан Республикасында сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін қандай орган басқарады?
  3. Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясы қанша уақытқа сайланады?
  4. Сайлау комиссияларының міндетіне не жатады?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі неше жыл?
  1. Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлағанда Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиясы елдің аумақтық-әкімшілік бөлінісін ескере отырып, шамамен сайлаушылар санын тең бөлу арқылы сайлау округтерін құрады.

Бұл жерде облыс аумағында, Алматы қаласында, республика астанасында, аудан қаладағы сайлау округтерінде сайлаушылар саны осы аумақтық-әкімшілік бірліктегі әрбір депутаттық мандатты сайлаушылардың орта санының 15%- нан аспауы керек.

Аудан және қала әкімінің шешімі бойынша сайлау комиссиясымен келісе отырып, дауыс беру үшін сайлау учаскелері құрылады. Мұндай сайлау учаскелерін құрғанда жергілікті және басқа жағдайлар (әскери бөлімшелер, емхана және шипажайлар, сондай-ақ шет мемлекеттердегі Қазақстан  Республикасының елшіліктері, т.б) барынша ескеріледі (әр сайлау учаскесінде үш мың сайлаушы).

Президентті, Парламент мәжілісінің депутатын, сондай-ақ мәслихат депутатын сайлау үшін жергілікті басқару органдарының мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау құқығына ие азаматтардың, яғни сайлаушылардың тізімін жасайды. Белгілі сайлау учаскесіне тіркеуге алу үшін азаматтың тұрғылықты мекенжайы негізге алынады. Сайлаушылар тізімі алфавит бойынша немесе басқа тәртіппен жасалады.   Тізімде сайлаушылардың тегі, аты, әкесінің аты, туылған жері (18 жаста болса, айы, жылы және мекен-жайы) көрсетіледі.

Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін халық санын тіркеуші органдардың берген мәліметін пайдалана отырып әкімшілік дайындайды. Сайлаушы азамат сайлаушылар тізімінің біреуінде ғана болады.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған күннен бастап жергілікті атқарушы органға тіркелуге құқылы. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау өтетін күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған мекенжайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, өзі дауыс бере алатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді жүзеге асырады.

Сайлау комиссиясы сайлаушылар тіркелген тізімді сайлау болатын күннен 15 күн бұрын сайлаушыларға көрсетеді. Сайлаушы азамат учаске комиссиясы отырған ғимаратта сайлаушылар тізімімен танысып, берілген мәліметтің дұрыс бұрыстығын тексере алады. Сондай-ақ олар тізімде мәлімет дұрыс берілмеген немесе тізімнен түсіп қалған немесе аты-жөні дұрыс жасылмаған жағдайда учаске комиссиясына шағымдана алады. Сайлаушы азаматтардың өтінішін тез арада қарап, учаске комиссиясы шешім шығарады.

Президентті, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнінде дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден сағат жиырмаға дейін болады. Сенат депутаттарына дауыс беру бір күннің ішінде өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір дауыс беруші (сайлаушы) жеке өзі дауыс береді: дауыс құқығын біреуге беруге, басқа тұлға үшін дауыс беруге рұқсат етілмейді. Ал жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты, отбасының науқас мүшелерін қарауына байланысты дауыс беруге келе алмаса, учаскелік комиссия олардың сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат12-ден кеш емес уақытта берілген жазбаша өтініші бойынша дауыс беруді осы сайлаушылар тұратын жерде ұйымдастыруы тиіс.

Президентті, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да басталады.

Президентті, Парламент депутаттарын сайлаудың соңғы нәтижелерін ОСК белгілейді; мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары депутаттарының сайлау нәтижесін аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды. Сайлау нәтижелері жайлы хабарламаларды сайлау комиссиясы БАҚ-та жариялайды. Жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиялары сайланғандарды тіркейді: Президентті,   Парламент, мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін, олардан жеті күн мерзімнің ішінде өздерінен Конституцияға және Президент, Парламент, мәслихат депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі заңдық статусқа сай емес міндеттерді алып тастайтыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркеуді жүзеге асырады.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Сайлау кезіңде дауыс құқығын біреуге беру немесе сайлаушының басқа тұлға үшін дауыс беруі мүмкін бе?
  3. Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаудың соңғы нәтижесін қандай орган анықтайды?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыға сайлауға келмеген жұбайы және көршісі үшін дауыс беруге рұқсат етті. Учаскелік комиссияның мұндай шешімі сайлау жөніндегі заңға сәйкес келе ме?
  6. Қазақстан Республикасында сайлау кезінде қандай сайлау жүйелері қолданылады?
  7. Үйге тапсырма: § 8. Қазақстан Республикасныдағы сайлау үдерісінің сатылары.
  8. Бағалау: