Отбасындағы алименттік қатынастар

Сабақтың тақырыбы:§.30. Отбасындағы алименттік қатынастар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алименттік қатынастар мен оның түрлері, мәні, оның тағайындалу тәртібі мен ережесі, алименттік міндеттердің тоқтатылуы туралы жалпы білім беру.

Тәрбиелік: құқықтық тәрбие беру, өмір сүруге даярлау, құқықты өмірде пайдалануға баулу

Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа  қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Отбасында ерлі-зайыптылардың қандай құқықтары мен міндеттері болады?
  3. Ерлі -зайыптылардың ататегін біріктіріп жазуға заң рұқсат ете ме?
  4. Неке шартын жасау не үшін қажет?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Алимент туралы түсінік және оның түрлері.
  2. Алиментті тағайындаудың тәртібі.
  3. Алименттік міндеттерді тоқтату.

Алимент – алуға құқығы бар екінші адамға отбасының басқа бір мүшесі беруге міндетті асырау қаражаты.

Алименттік қатынастар пайда болу үшін біріншіден, туыстық қатынастар, екіншіден, заңда көрсетілген немесе тараптардың келісіміне сай жағдайлардың болуы (яғни, алимент алушының еңбекке жарамсыздығы, төлеушінің алимент төлеуге қажетті қаражатының болуы), үшіншіден, соттың алимент төлету туралы немесе тараптардың өзара келісімінің болуы керек.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алуға құқығы бар адам сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

Көрсетілген алименттік міндеттемелердің Заңда көрсетілген төмендегідей түрлері:

  • Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қатысты алименттік міндеттемелері;
  • Кәмелетке толған балалардың ата-анасын асырап –бағу туралы міндеттемелері;
  • Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап бағу туралы міндеттемелері;
  • Аға-апалары мен кәмелетке толмаған іні-қарындастардың арасындағы міндеттемелері;
  • Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің немесе керісінше немерелерінің ата-әжесінің немесе алдындағы алименттік міндеттемелері.

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты төленетін алименттік міндеттеме:

  • Баланың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаражат көзі;
  • Мақсатты көздерге, яғни баланы асырап-бағуға жұмсалады;
  • Ай сайын тұрақты төленеді;
  • Қымбат бағалы мүлкі, басқа қаражат көздерінің болғандығына қарамастан төленеді;
  • Ата-ана құқығынан айырылған, шектеген жағдайлардың барлығында төленеді;
  • Қасақана орындамау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын міндеттеме болып табылады.

Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттемелер сол келісімнің мерзімі біткенде, тараптардың біреуі қайтыс болғанда тоқтатылады.

Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

  1. Бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін иеленгенде;
  2. Асырап-бағу үшін алимент өндіріп алушы бала асырап алынғанда;
  3. Сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылды деп танылғанда;
  4. Жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жұбай жаңа некеге тұрғанда;
  5. Алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.
  6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  7. Алимент дегеніміз не?
  8. Алименттік қатынастар қандай жағдайларға сай пайда болады?
  9. Алименттін қандай түрлері бар?
  10. Жаңа материалды бекіту:
  11. Кәмелетке толмаған балаларға қандай мөлшерде алимент төленеді?
  12. Жұбайлардың арасында алименттік қатынастар бола ма№
  13. Үйге тапсырма:§30. Отбасындағы алименттік қатынастар
  14. Бағалау: