Құқық қорғау жүйесіндегі ІІМ, ҰҚК органдарының, әділет министрлігінің және прокуратураның рөлі.

Сабақтың тақырыбы:§.31. Құқық қорғау жүйесіндегі ІІМ, ҰҚК органдарының, әділет министрлігінің және прокуратураның рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға құқық қорғау  органдарының қызметін, олардың негізгі қағидаларының мәні және маңызы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: құқықтық тәрбие беру, адамгершілікке, әділеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа  қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР «Әділет органдары туралы» Заң.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Алимент дегеніміз не?
  3. Алименттік қатынастар қандай жағдайларға сай пайда болады?
  4. Жұбайлардың арасында алименттік қатынастар бола ма?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Отбасындағы алименттік міндеттемелер қалай пайда болады?
  7. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Полиция органдары
  2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі
  3. Прокуратура органдарының қызметі
  4. Әділет министрлігі

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Құқықты қорғау қызметі негізгі үш нысанда жүзеге асырылады:

А) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

Ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

Б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Қазақстан Республикасында мынадай құқық қорғау органдары құрылған

Полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б.), сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

Полиция- Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ІІМ жүйесінде көптеген полициялық органдар құрылған. Олар:

1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;

2) патруль полициясы- көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

3) жол полициясы- жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;

4) әкімшілік полициясы, оның міндеті- әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

5) полицияның арнайы отрядтары- күзетілетін маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.

Құқық тәртібін қорғауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен  рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдар жұмыс істейді.

ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның Президентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контробандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық-нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

    Прокуратуралық қадағалаудың мақсаты – республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.

Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жүзеге асыруда, сондай-ақ Әділет министрлігінің органдары үлкен рөл атқарады. Олардың міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері ҚР «Әділет министрлігінің органдары туралы» 2002 жылға 18 наурызда қабылданған арнаулы заңмен белгіленген.

 

Әділет органдарының құқық қорғау қызметіндегі тікелей жұмыстары мыналар:

-Заңды тұлғаларды тіркеу

-Министрліктер мен жергілікті әкімдердің құқықтық-нормативтік актілерін тіркеу

-Қылмыстық жазалардың орындалуын ұйымдастыру

-Жергілікті комиссиялардың есірткі мен есірткі саудасымен күресу жөніндегі қызметін бақылау және үйлестіру

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Мемлекеттік құқық қорғау қызметі дегеніміз не?
  3. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғаау органдары құрылған?
  4. Полиция органдарына қандай міндеттер жүктелген?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. ҚР ҰҚК-нің негізгі міндеттері қандай?
  7. ҰҚК і қандай құқықтарды иеленеді?
  8. Прокуатура органдары кімге бағынады?
  9. Үйге тапсырма:31. Құқық қорғау жүйесіндегі ІІМ, ҰҚК органдарының, әділет министрлігінің және прокуратураның рөлі.
  10. Бағалау: