Қылмыстық құқық
Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік-оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған
жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру.
ә) тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру.
б)дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
Сабақтың түрі:Практикалық (семинарлық сабақ).
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиясының элементтері, театрландырылған көрініс, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері және т.б.
Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар және флипчарттар, слайдтар т.б.
Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс-жүргізу, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қылмыстық атқару құқығы, Құқықтық статистика т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.
Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құрылады.
1-топ «Заңгерлер»
2-топ «Бейбітшілік»
Жоспары:
1.Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.
- «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы
- 3. «Білгенге маржан»- терминдермен жұмыс
- Театрландырылған көрініс
4.1.«Тергеуді мамандар жүргізеді»
4.2«Сот процессі»
5.«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).
- 6. «Аттестатция» (әр топ құқықтық криптограмманы шешеді).
- Кім жылдам? — (Капитандар жарысы).
Сабақта жасалатын әрекеттер:
-топқа бөлу,
-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру),
-слайдтармен жұмыс,
-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)
-шығармашылық жұмыстармен таныстыру,
-эксперттер тобының жұмысы (бағалау),
-мұғалімнің қорытынды сөзі.
Оқытушының сөзі: Құрметті оқушылар!Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген.
Бүгіндері құқықтық мемлект құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қылмыстық құқық деп аталады.
1.Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.
1.Сайысымыздың алғашқы бөлімі Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.
2-кезеңіміз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар мақал –мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады. Егер жалғас дұрыс табылып , екі тілдеде аударма дұрыс берілген жағдайда әрбір дұрыс жауап 20 ұпай алады,егер бір ғана аударманы дұрыс берсе 10 ұпай,ал аудармаларберілмей тек мақал-мәтелдің жалғасы дұрыс табылса 5 ұпайдан беріледі.
1.Бір қазаға екі……………………..жоқ.(жаза)
2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі………………..табар.(куә).
3.Би екеу болса, …………………………төртеу.(дау).
4.Әр елдің……………….басқа, иттері қара қасқа.(заңы).
5.Елшіге……………..жоқ.( өлім).
6.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң………….., ………………….болар.(айғақ,айғақ).
7.Ата-ананың қадірін қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін, ………………………..болғанда білесің.(жалалы).
8……………………….істің- арты игі.(әділ).
- Жолға шықсаң сайлан, бес ……………………байлан.(қару).
10.У ішкен бір өледі,………………..ішкен мың өледі.(ант).
- 3. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).
Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.
Кодекс-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жүйеленген нормативті акті.
Амнистия-қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлігі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату.
Санкция-қолданылатын жағымсыз шара.
Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Прецедент- нормативтік актілердің бірі.
4-кезең — театрландырылған көрініс
1-топ Заңгерлер «Тергеуді мамандар жүргізеді»
2-топ Бейбітшілік «Сот процесі»
5-кезең«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).
1-топ Заңгерлер «Көліктегі қылмыстар».
2-топ Бейбітшілік «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі».
6— кезең -«Аттестация» -«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады » демекші сайыста озып шығу үшін білімді болудың маңызы зор. Сондықтан бұл бөлімде әр оқушының білімін бағалау үшін әр топ құқықтық криптограмманы шешеді.
25 | 23 | 9 | 19 | 23 | 15 | 5 | 23 | 25 | 25 | 12 | 25 | 12 | 25 | 17 | 7 | 6 | 7 | 14 | ||
20 | 19 | 20 | 24 | — | 24 | 1 | 2 | 22 | 23 | 3 | 1 | 4 | 13 | 22 | 23 | 10 | 4 | 6 | ||
1 | 14 | 17 | 1 | 4 | 25 | 1 | 16 | 23 | 9 | 17 | 1 | 3 | 1 | 14 | 25 | 23 | 9 | 19 | ||
23 | 15 | 11 | 7 | 14 | 21 | 1 | 24 | 1 | , | 25 | 23 | 9 | 19 | 23 | 15 | 5 | 23 | 25 | ||
21 | 1 | 13 | 1 | 11 | 5 | 23 | 9 | 23 | 25 | 14 | 7 | 6 | 20 | 24 | 20 | , | 21 | 1 | 24 | |
1 | 21 | 18 | 26 | 7 | 9 | 7 | 4 | 20 | 14 | , | 21 | 1 | 24 | 1 | 14 | 23 | 5 | 1 | ||
3 | 1 | 26 | 23 | 14 | 17 | 1 | 13 | 17 | 23 | 2 | 5 | 27 | 4 | 5 | 20 | 16 | 20 | 19 | ||
7 | 14 | 22 | 1 | 4 | 5 | 5 | 1 | 4 | 23 | 14 | , | 15 | 10 | 14 | 17 | 1 | 26 | — | 1 | |
25 | 25 | 23 | 9 | 19 | 23 | 15 | 5 | 23 | 25 | 21 | 1 | 13 | 1 | 11 | 5 | 23 | 9 | 23 | ||
25 | 5 | 1 | 14 | 21 | 27 | 14 | 7 | 21 | 1 | 24 | 1 | 17 | 1 | 14 | 16 | 10 | 15 | |||
1 | 5 | 13 | 17 | 23 | 16 | 7 | 9 | 6 | 20 | 9 | 7 | 26 | 5 | 20 | 14 | 24 | 1 | 2 | ||
17 | 23 | 9 | 23 | 25 | 14 | 10 | 4 | 19 | 1 | 9 | 1 | 4 | 17 | 25 | 2 | 21 | 28 | 23 | ||
14 | 5 | 23 | 3 | 23 | 16 | 10 | 9 | 23 | 11 | 5 | 1 | 16 | 23 | 9 | 1 | 17 | 23 | ☻ |
1.Әділдікті мойындау———кісінін ісі -1 .17 .1. 9
2.Жалған кішіпейілдік те———сияқты жиіркенішті -19. 7 .14 .19 .7 .14 .17 .20. 8
3.Имансыздың жүрегінде—————сүйіспеншілігі болмайды -10. 5. 1 .14
4.Адалдық қайда болса————сонда -5. 20. 4. 22. 20. 9. 20. 8
5.Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың————-ішіп өлген артық- 13. 23. 14.
6.Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны———-25. 1. 13. 20. 11. 5. 20.
7.Өш алғаннан гөрі————жақсы -8. 7. 22. 20. 4. 6. 7. 14
8.Жазасын тартпайтын——————болмайды -21. 1. 19 .1 .14. 17. 23. 25.
9.Туғанына бұрғаны биді———————ұрғаны- 25. 12. 17. 26.
- Жыртқыш———-1. 2
11.——————— білу заман талабы- 24.1.2.17.23
12.15.10.5 — мемлекеттің ———————жүрегі 21.18.4.7.6.20
- 6-г.
- 3-ғ.
15.16-б.
- 27-ә.
- 28-и
7-кезең Кім жылдам? — (капитандар жарысы).
1-топ «Заңгерлер»
Сұрақтар:
1.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2рет 1993ж.,1995ж.,)
2.Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы).
3.ҚР-сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы)
- 4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тауке хан)
- 5. ҚР-сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік).
6.Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективті жақ, субъективті, субективті жағы).
- Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент) .
8.ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылдады? (1991ж, 16 желтоқсан).
9.ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары туралы» туралы заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым).
10.Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады? (Бала туылған кезден бастап).
2-топ «Бейбітшілік»
Сұрақтар:
1.Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «соnstitutio» -құрылғы, өкім).
2.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін).
3.Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (Жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр ).
- 4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой).
5.ҚР-ғы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (Халық).
6.Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?-(16 жас).
7.Алғаш рет қабылдаған Ата Заң қабылдаған уақыт. (1993ж, 28 қаңтар).
8.ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
- Мемлекеттік биліктің жүйесі? (Президент, Парламент, Үкімет, Сот және БАҚ)
10.Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап).
Сабақты қорытындылау.
Эксперт тобының жұмысы:( сараптау және бағалау).
Оқытушының қорытынды сөзі.Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер.Ендеше, М.Әуезов атамыздың «Ел боламын десең ,бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болуы керектігін осы бастан ой- зерделеріңізде сақтаңыздар.
Үйге тапсырма: 1) «Өлім жазасы қажет пе?»-эссе жазу.
2) ҚР-ның Қылмыстық құқығы авт. А.Ағыбаев 55-57 беттер.
3) Қайталау сабағы.
Жоспар да өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.