«Салауатты өмір салты»

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жаман әдеттен сақтануды үйрету.

Білімділік: оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру керек екендігін балаларға түсіндіру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдікпен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

Дамытушылық: өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кір тасы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды екі топқа бөлу. І-топ «Денсаулық»,ІІ-топ «Шымыр».

Кіріспе сөз:

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н.Ә Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы,Отанның сенімді тірегі».

Адам денсаулығына әсер ететін факторлардың

53%- cалауатты өмір салтына

20%-тұқым қуалаушылыққа

17%-қоршаған орта жағдайларына

10%-денсаулық сақтау мекемелеріне байланысты

 

ІІ. «Солай болған». Оқушылардың ойларын тыңдау.

  1. Оқушылар жұмбақ кейіпкерлердің әрекеті дұрыс па?
  2. Сен жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?
  3. Қазір оған қандай ақыл кеңес бергент дұрыс деп ойлайсың?
  4. Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?
  5. Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?

 

ІІІ.  Пікерлесейік

Келесі бөліміміз жағдаяттар (слайд)

 

1-жағдаят

Бір күні сені жан досың бір отырысқа ерітіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сені бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әрекетін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің? Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

 

2-жағдаят:

Сыныптан жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратынын білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

 

3-жағдаят:

Сен ағаңмен өте татусың. Бір күні ағаңның жанқалтасынан бір қорап темекі тауып алдың, оған айтып едің ол әке-шешеңе айтпауын өтінді. Сенің әрекетің?

 

  1. Салауатты өмір салтының ұстанымдары.
  2. Шығармашылық. Суреттерге қарап әңгіме құрыңыз.
  3. Есептейік

 

VII. Қорытынды

 

Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» — депті. Сонда Сократ: «Байлықта , атақта, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. «Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ол денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізгі- салауатты болашақ» деп бүгінгі сынып сағатымызды аяқтаймыз.