Әрбір жан өз бақытының шебері.
Тақырыбы: Әрбір жан өз бақытының шебері.
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Жоспары:
- Сәлемдесу
- Танысу
- Тиімді қарым-қатынас орнату бағытында топтық жаттығу
- «Құпия сөздер» топтық ойыны
- «Жасырын хат,ойлан тап!»
- Рефлекция
«Дәстүрлі емес сәлем»
Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жәй сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен.
Танысу:
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күймен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Әсем. Мен психологпын. Бүгінгі көңіл-күйім өте тамаша!»
Тиімді қарым-қатынас орнату бағытында топтық жаттығу
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалды емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері тиіс.
Тапсырмалар:
- Басқаларға өзіңіздің сүйікті киіміңіз жайлы айтыңыз, оның түсін, үлгісін сипаттап беріңіз. Оны жиі киесіз бе, қандай жағдайларда киесіз?
- Соңғы көрген фильміңіз жәнеь оның не туралы болғанын айтыңыз: ол сізге ұнады ма?
- Жақында қандай қуанышты оқиға болды, соны бөліскенде қасыңызда кім болды?
- Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, немен айналысасыз, қайда барасыз, кіммен араласасыз?
- Сүйікті кітабыңызды,оның оқиғаларын айтып беріңіз, басты кейіпкерлері кімдер?
- Үй шаруашылығымен айналысқанды ұнатасыз ба?
«Құпия сөздер» топтық ойыны
Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам,әліпби
Уақыты: 5 минут
Барысы: қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар.
Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
- 18 8 27 34 36 18 21 17 36 23 24 27 23 26
14 8 23 8 14 25 36 5 36 18 3 36 16 5 8 18 17 1 17, 14 8 11
14 8 16 5 8 18 15 1 16 1 13 6 1 25 21 25 8 22 3 8 23 8 1 16 1 7 38
- 3 1 15 38 25 -20 16 26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11 21 17 36
23 8 17 8 24, 3 1 15 38 25 – 20 16 10 1 18 18 38 19 14 27 13 36
- 3 1 15 38 25 14 21 3 8 16 8 14 24 12 42 15 25 38. 20 18 38
28 24 25 1 26 61 25 38 23 38 24ь 15 1 18 24 1 13 38 18 15 20 16 7 1 18
24 38 23 6 12 38 23 8 7 367 3 36 23 1 15 8 5 8 23 24 36 11
11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36 3 1 24 15 1 18 2 23 24 8 16 8 23 5 8
1 26 7 1 23 24 1 19 38 n116 20 16 21 11 36 14 8 16 8 7 36 7 86 10 2 13
6 1 18 1 12 38 6 38 19 38 11 6 1 15 20 18 1 7 387
Кілті:
- Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.
- Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт-ол жанның күйі
- Бақыт – көбелек сияқты.Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.
«Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі-түсті фломастер, қарандаштар, өшіргіш, сызғыш
Барысы: қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
1-ші топ арналған хат: «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы.
2-ші топ арналған хат: «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық
3-топ арналған хат: «Жексенбі күні сағат 1500-де менің туған күніме кел».
Ұстаздар өздеріне берілгени тапсырманы ватманға сурет арқылы салып өзара алмасады.
Рефлексия:
Сабақ туралы өз ойын алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіреді.