Әр адам – қайталанбас тұлға

Сабақтың тақырыбы:§ 2. Әр адам – қайталанбас тұлға

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға даралық, жеке адам, тұлға ұғымдары туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Адам мәселесімен айналысатын ғылым салаларын атаңдар.
  3. Адамның бойындағы нышандарға сипаттама беріңдер.
  4. Білімдерін жан- жақты тексеру

 

  • Тірек сызбамен жұмыс.
Адам мәселесімен айналысатын сала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Даралық
  2. Жеке адам
  3. Тұлға және оның қалыптасуы.

Табиғаттың сырына үнілген сайын, қоршаған орта туралы неғұрлым көбірек білген сайын, олардың ғажаптығы бізді бұрынғыдан да таңдандыра, тамсандыра түседі. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдар бар.

даралық
Жеке адам
Адамның мәнін ашатын ұғымдар
Тұлға

 

 

 

 

 

 

Даралық (лат. Individuum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.

Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінің өзінше үйлесіп келген, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.

Даралық – адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үдерісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.

Даралық – адамзаттың прогрес жолымен дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Жеке адамның даралануы мен жетілуі қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға қарсы күресте манызды рөл атқарады, адамдардың өздерін-өздері, қоғамды және қоршаған ортаны үнемі жасампаздықпен өзгертіп, жетілдіріп отыруының кепілі бола алады.

Жеке адам деп адамзаттың жеке өкілін, қоғам мүшесін айтамыз. Жеке адам өзгелермен салыстырмалы нақты антропологиялық және әлеуметтік ұқсастықтарына қарамастан, адамзаттың дара өкілі ретінде қарастырылады.

Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады. Даралық оның өзіндік әлемін айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді. Адамның өмір жолы мазмұндық жағынан әлеуметтік жағдайлармен айқындалғанымен, оның тегі, құрылымы және формасы дара сипатта болады.

Әр жеке адам –қайталанбас даралық, сонымен бірге ол өзімен белгілі бір тектік мәнін ала жүреді. Өзіндік санасы кемелденгенде, өзінің әлеуметтік міндеттерін түсінгенде, өзін тарихи субъекті ретінде сезінгенде, ол тұлға ретінде алға шығады.

Тұлға (лат.personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады.

Философияда тұлға – әлеуметтік даралық сапасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы айқындап тұратын биоәлеуметтік мәнділік, әлеуметтік өмірде болып жатқанның барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам.

Тұлға негізі отбасында қаланады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы-балабақша, отбасы-мектеп одақтарының ықпалымен өтеді.

Тұлғаның қалыптасу шегін айқындау мүмкін емес. Ол үдеріс өмір бойы жүріп жатады. Егер адам жеке басының бақыты мен қоғамның мүддесі үшін белсенді әрекет ете бастас, сол кезден бастап оның тұлға ретіндегі әрекетінің мәні мен мазмұны туралы айтуға болады.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қоғамда адамның мәнін ашуға көмектесетін қандай ұғымдар бар?
  3. Даралық латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
  4. Жеке адам немен тығыз байланыста болады?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Даралық ұғымына сипаттама беріңдер.
  7. Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
  8. Үйге тапсырма: 2. Әр адам –қайталанбас тұлға
  9. Бағалау: