Қоғам және қоғамдық қатынастар.

Сабақтың тақырыбы:§ 7. Қоғам және қоғамдық қатынастар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қоғам ұғымы, қоғамның құрылымдық элементтерін түсіндіру және қоғамдық қатынастар мен олардың түрлері, мазмұны, бағыттарының ерешеліктерін ашып көрсету.

Тәрбиелік: оқушыларды адами құндылықтарға – мінез құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерге, бірін –бірі құрметтеуге  тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген  белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:  тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Суицид дегеніміз не?
  3. Жастар арасындағы адасуға не себеп болады?
  4. Білімдерін жан-жақты тексеру
  5. Өмірдің мәні неде?
  6. «Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?
  7. Адасу дегеніміз не?
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

  1. Қоғам ұғымы.
  2. Қоғамдық қатынастар.
  3. Қоғамдық қатынастар мазмұны.

Қоғам дегенде, біздің ойымызға алдымен «кітап сүюшілер қоғамы», «Қызыл Крест – Қызыл Жарты Ай қоғамы», «Педагогтер қоғамы», «Бақшашылар қоғамы» сияқты адамдардың топтасып, белгілі бір пайдалы іс тындыруға бағытталған ұйымдары кіреді.

Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада да қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз  азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз.

    Қоғам дегеніміз – материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Қоғам көптеген құрамдас бөліктерден, үнемі жаңарып отыратын, өзара байланыста және әрекеттестікте болатын элементтерден, жүйешелерден тұрады. Адамзат қоғамы саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енетін тәуелсіз мемлекеттерден, ол мемлекеттердің кейбіреулерін біріктіретін конфедерациялардан, кейбір елдердің ішкі құрылымындағы федерациялардан және ұлттық-мемлекеттік аумақтардан тұрады.

Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан әрекет түрлерімен-саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаралармен айналысуы мүмкін.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым – қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

 

Мазмұнына қарай қоғамдық қатынастар

 

 

 

Материалдық                        рухани

Қоғам тіршілігіне қажетінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.

Бағыты жағынан қоғамдық қатынастар
Адам мен адам
Қоғам мен адам
Қоғам мен қоғам
Қоғам мен табиғат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қоғам ұғымын қалай түсінесіңдер?
  3. Қоғам және оның құраушы бөліктері дегеніміз не?
  4. Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы байланыстардың мәні неде?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Қоғам дегеніміз не?
  7. Қоғамдық қатынастар деп нені айтамыз?
  8. Мазмұнына қарай қоғамдық қатынастар нешеге бөлінеді?
  9. Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды қалай бөліп қарастыруға болады?
  10. Үйге тапсырма: 7. Қоғам және қоғамдық қатынастар.
  11. Бағалау: