Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет.
Сабақтың тақырыбы:§ 11. Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға дәстүрлі және индустриялық қоғамдар мен қазіргі заманғы адамзат өркениеті жайлы түсіндіру. Қазіргі замандық ғаламдық проблемалар жайлы және оларға нелер жататынын баяндау, мәнін ашу.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сабаққа деген ынта жігерін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Өркениет дегеніміз не?
- Шығыстық және батыстық өркениеттерді салыстыра отырыып баға беріңдер.
- Көшпелілер өркениетінің дамуындағы басты қайшылық неде деп ойлайсындар?
- Білімдерін жан-жақты тексеру
- Кестені толтыр.
Ежелгі Рим өркениетінде нелер пайда болды
|
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
- Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар.
- Индустриялық қоғам.
- Қазіргі заманғы өркениет.
- Қоғам және табиғат.
дәстүрлі |
индустриялық |
Адамзат өрениеттері
тарихи дамуы жағынан
постиндустриялық |
Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік-мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, егін және мал шаруашылығымен айналысатын қоғамдар дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
Демек, дамуының сапалық қасиеттері тұрғысынан алып қарағанда, дәстүрлі қоғамдарға индустриялы (капиталистік) қоғамға дейінгі кезеңдегі аграрлық тұрпаттағы қоғамдық укладтары бар елдер кіреді.
Индустриялық қоғам дегеніміз – қазіргі заманғы дамыған қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауда қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталистік қоғаммен қатар аталатын екі негізгі котегорияның бірі – өнеркәсіпті қоғам ұғымын білдіреді.
Индустриялық қоғамға өту адамзатты дәстүрлі мұрагерлік былықтарды талқандап, азаматтардың құқықтары мен теңдікті жоғары қоятын, қоғамдық-саяси өмірді демократияландыруды мақсат ететін тарихи прогресшіл өзгерістерге бастап әкеледі.
XV ғасырда адамзат тарихында түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Осы кезден бастап Еуропа суырылып алға шықты. Еуропалықтар Шығыстың қағаз жасау өнерін пайдалана отырып, кітап басу, ақпарат сақтау және оны тез таратуды жолға қойды. Шығыстың құлабызын пайдаланып теңіздерде жүзді, жаңа құрлықтар ашты, оқ-дәрісін пайдаланып отарлап басып алды. Тапаралық қақтығыстар бұрын болып көрмеген жаңа әдістермен – құқықтық жолмен шешіле бастады. Еңбек шарттарының жалпыға бірдей формалары пайда болды. Тұрғындардың бәріне бірдей саяси-азаматтық құқықтар – саяси партияларға бірігу, дауыс беру құқықтары берілді. Монархиялық билікті шектейтін, заң шығарушы жоғары органы (парламент) бар, ұлттық либерал-демократиялық мемлекеттер қалыптасты.
XVIII ғасырда құқықтық мемлекет құру және қоғамда құқықтық жағдайлар қалыптастыру негізінде экономикалық және саяси биліктерді бөлісу үдерісі басталды. Бұл ерікті айырбас қатынастарын дамытуға және үшінші сословиеге қатыстының бәрін заңдастыруға мүмкіндік әперді.
Қазіргі заманғы өркениет деп XX ғасырдың екінші жартысынан – XXI ғасырдың алғашқы он жылдығында Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз.
Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады.
Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:
- дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
- дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;
- дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;
- ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;
- экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
Адамдар ресурстарды үнемді пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау мәселелелерін шешумен айналысуда. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық конференцияларда белсенді көтеріле бастады. Рим клубы, ЮНЕСКО, т.б. халықаралық ұйымдар, экология мәселелерін талқылаған семинарлар өткізіп тұрады. Соңғы кездері ғаламшардың жылынып бара жатуына байланысты бұл үдерісті баяулату мәселелерімен алдыңғы қатарлы өркениетті қоғамдар көбірек айналыса бастады.
Қазақстанда Семей ядролық полигонын жабу, ядролық жарылыстардың салдарын жою, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында «Невада-Семей» қозғалысы құрылып, белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Арал теңізі суын қалпына келтіру мақсатын көздеп, арнайы құрылған Комитет бар. Соңғы жылдары мемлекеттің ынтасымен құрылған экология мәселелерімен айналысатын ведомствалар пайда болуда.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Өздерін тұрған елді мекендегі экологиялық жағдайға назар аударындар, басты мәселені атаңдар, оның қалай шешілуі мүмкін екендігі туралы пікір талас жүргізу.
- Жаңа материалды бекіту:
- Дәстүрлі және индустриялы қоғамдардың арасындағы айырмашылық неде?
- Қазіргі замандық өркениет дегеніміз не?
- Қазіргі замандық өркениеттің ғаламдық проблемаларына нелер жатады?
- Үйге тапсырма: 11. Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет.
- Бағалау: