Өркениет ұғымы. Шығыс және Батыс өркениеттері.
Сабақтың тақырыбы:§ 10. Өркениет ұғымы. Шығыс және Батыс өркениеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өрениет ұғымын, батыс және шығыс өрениеттерін салыстыра отырып түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Мемлекет дегеніміз не?
- Мемлекеттің түрлеріне, тарихи, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңдер.
- Қоғамдық өмір аяларын атандар.
- Білімдерін жан-жақты тексеру
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары
- Өркениет ұғымы.
- Шығыс және Батыс өркениеттері.
- Көшпелілер өркениеті.
Өрениетті дүниежүзілік тарихи үдеріске талдау жасай отырып, мәдениеттен бөле қарастыру жаңа дәуір зерттеушілерінен басталды. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет – айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға және шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады.
Өркениет деп белгілі бір елдер мен халықтардың тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.
Адамзат өркениеттері географиялық орналасу жағынан, негізінен, Шығыс және Батыс өркениеті болып бөлінеді.
Өрениеттер арасынан тарихшылар әлемнің әр өңірінде, дамудың түрлі кезеңдерінде өмір сүрген елдерді немесе елдер топтарын бөліп алып қарастырады. Олардың ішінде Шығыс өркениеттеріне Ежелгі Үндістанды, Қытайды, Вавилонды, Египетті, Шығыстағы мұсылман мемлекеттерін құрайтын топтар жатады. Шығыс өркениеті деген ұғым ауқымдық жағынан Азия мен Африканың ұлан-ғайыр аумағын жайлаған әртүрлі нәсілдер, тілдер, діндер өкілдерін, уақыт жағынан мыңдаған жылдарға созылатын тарихи үдеріс кезінде өмір сүрген әр алуан елдер мен мемлекеттерді қамтиды. Олардың арасында дүниежүзілік адамзат өркениетінің дамуына сүбелі үлес қосқандары аз емес.
Дүниежүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Жаңа тарихқа дейінгі кезеңдегі ғылым мен өндіріс технологиясының теңдесі жоқ жаңалықтарының басым көпшілігі Шығыста пайда болды. Төрт ұлы жаңалық – қағаз, құлабыз, оқ-дәрі, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі- алдымен шығыста пайда болды.
Б.з.д. VIII – VI ғасырлардағы Грекияда өзгеше ақша айналымы жүйесі, нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасы – полис қалыптасты.
Халықтардың егемендігі мен басқарудың демократиялық формалары туралы идеялар көтерілді. Грекияда ғылымның, философияның маңызды қағидалары тұжырымдалып, мәдениеттің түрлі салалары өркен жая бастады. Темір құралдарының пайда болуымен шаруашылық алға басып, қолөнер бөлініп шықты. Сауданың дамуына байланысты металл теңгелер пайда болды.
Ежелгі Рим өркениеті Батыс өркениетінің ішінде ерекше орын алады. Римде қазіргі заманғы құқықтың негізі қаланды және ол бірнеше ғасырға созылған уақыт ішінде орнықты. Римдегі құқық жүйесі мүліктік және шаруашылық қатынастарды реттейтін, меншікпен байланысты құқықтық нормалар жүйесінің шартты міндеткерлік пен жауапкершілікті қамтамассыз ету ережесін, мүлікті мұраға қалдырудың жетілген нормаларын қамтыды.
Қазіргі қазақтардың және Орталық Азия мен Еуропаның шығыстын мекен еткен өзге түркі тілді халықтардың бірқатарының ата-бабалары – көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл кәсіпті олар өздерінен бұрын өмір сүрген сақ, ғұн тайпаларынан, кейін түрлі заттармен түрлі тармақтарға ыдырап, жеке ұлттардың негізін құраған түркі тайпаларынан мұра ретінде қабылдаған.
Көшпелілерде қылмыстың аз болуынан мемлекеттік жазалаушы органдардың жұмысы жетілмеді. Бұқара тұрмысының қанағаттанарлық денгейден төмен түспеуінен жергілікті билік иелеріне қарсы наразылық актілері-көтерілістер, толқулар, революциялар болмады.
Көшпелілер өркениеті адами құндылықтар тұрғысынан қарағанда бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық мүдделерін бірқатар толығырақ қанағаттандыратын, қоғамда жайлы адамгершілік-моральдық ахуал жасап отырды.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Өркениет дегеніміз не?
- Адамзат өрениеттері географиялық орналасу жағынан нешеге бөлінеді.
- Көшпелілер өрениетінің дамуынындағы басты қайшылық неде деп ойлайсындар?
- Жаңа материалды бекіту:
- Шығыстық және батыстық өркениеттерді салыстыра отырып баға беріндер.
- Батыс өркениетінің басты жаңалықтары қандай?
- Үйге тапсырма: 10. Өркениет ұғымы. Шығыс және Батыс өркениеттері.
- Бағалау: