Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы.

Сабақтың тақырыбы:§ 18. Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға автохтонды ұлт, диаспоралар, этнос өкілдерінің тарихына сипаттама беру.

Тәрбиелік: оқушыларға азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: ұлтаралық қатынастардың арасындағы қарым –қатынасты түсіндіре отырып, оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты таптар нешеге бөлінеді?
Орта тап
Жоғары орта тап
Ортаңғы орта тап
Төменгі орта тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Әлеуметтік мобильділіктің қандай  қозғалу бағыттары болады?

Әлеуметтік мобильділік
Тік (вертикаль)
Көлденең (горизонталь)

 

 

 

 

 

 

 

  1. Білімдерін жан жақты тексеру

 

1.Біздің еліміз неге орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?

 

  1. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Автохтонды ұлт және диаспоралар.
  2. Ұлтаралық қатынастар.
  3. Этносаралық қатынастар.
  4. Қазақстандық отаншылдық.

Автохтонды ұлт- елдің жергілікті тұрғындары. Қазақстан үшін қазақтар-автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.

Диаспора- адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде белен алған тұжырымдар бойынша, Қазақстан аумағындағы автохтонды ұлт- қазақтардан өзге ұлт өкілдерін ұлттық диаспоралар деп қарастыру қабылданған.

Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты басқа елдермен қатынас жасауы (мемлекетаралвқ) ұларалық қатынастар деп аталады.

Қазақ халықымен — Қытай қазақ диаспоралары

Ресей халқымен – Қазақ орыс диаспоралары

Ұлтаралық қатынастар
Әлеуметтік
Саяси
Экономикалық
Мәдени

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Этнос – ежелгі грек тілінде халық деген ұғымды білдіреді.

Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкілдерінің ел ішіндегі өзара байланыстары жатады

Қазақстан Республикасы-өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан     мемлекетінің көздеп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті- қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» деп жариялаған болатын.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
  3. Этносаралық қатынастар дегеніміз не?
  4. Жаңа материалды бекіту:

 

Сәйкестендіру сұрақтары.

ҰғымАнықтамалар
1.      Этнос

 

2.      Ұлт.

 

3.      Халық.

 

4.      Мемлекет.

 

5.      Диаспора

 

6.      Автохтонды ұлт

·         Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

·         Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.

·         Қазақстан үшін қазақтар

·         Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.

·         Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ,ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.

·         Адамдардың еркі бойынша емес, табиғи және тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі.

  1. Үйге тапсырма:§ 18. 1-2 тапсырмалар.
  2. Бағалау: