Орта тапты қоғам.

Сабақтың тақырыбы: § 17. Орта тапты қоғам.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға орта тапты қоғамға сипаттама беру.

Дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:  оқушыларды бірін-бірі құрметтеуге, сыйлауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: сызба арқылы түсіндіру, ойталқы.

 Көрнекілігі: тірек сызбалар

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Әлеуметтік топ дегеніміз не?
  3. Әлеуметтік құрылым дегеніміз не?
  4. Жоғары тап, орта тап, төменгі тап өкілдеріне сипаттама беріндер?
  5. Зейнеткерлердің зейнетақымен қамтамасыз етілуі ҚР – да қалай жүзеге асырылуда
  6. Білімдерін жан-жақты тексеру
  7. Бизнес және кәсіпкерліктің Қазақстанда алатын рөлі жайлы ой толғау.
  8. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

  1. Әлеуметтік саясаттың мақсаты.
  2. Орташа статистикалық қамтамассыздандыру.
  3. Орта тапты қоғам.
  4. Әлеуметтік мобильділік.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты мақсаты қоғамның әр мүшесін материалдық жағынан алаңсыз өмір сүретіндей деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір сүруі мен денінің саулығына қажетінің бәріне ие болуы керек. Әр елдің экономикалық дамудың әр баспалдағында тұруына байланысты тұрмыс деңгейінің өлшемі де әртүрлі. Мұндайда шартты түрдегі ортақ көрсеткіш – орташа статистикалық қамтамасыздық ұғымы қолданылады.

Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты орта таптың өзі жоғары орта тап, ортаңғы орта тап, төмеңгі орта тап болып бөлінеді. Төмеңгі орта тап өкілі орташа статистикалық қамтамасыздандыру деңгейінде өмір сүруі керек.

Орташа статистикалық қамсыздандыру деп өркениетті және демократиялы қоғамның орта табының төмеңгі баспалдағы өкілінің еркін және тең құқықтары өмір сүруіне қажетті материалдық табыс мөлшерін айтамыз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты – орта тапты қоғам құру.   Республика экономикасы дағдарыстан шығып, орнықты даму жолына түскеннен бастап, орта тап өкілдерінің саны да артып, кірісі де молая беруі тиіс.

Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым көпшілігі осы тап өкілдерінен құралатын қоғамды айтамыз.

Орта тапты қоғам құрудың кепілі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені орта және шағын кәсіпкерлік мемлекет экономикасының негізі. Олардың иелері халықтың басым көпшілігін құрайтын ең қалын әлеуметтік қабат болып табылады.

Мемлекет орта және шағын кәсіпкерлікті дамытпайынша, түпкілікті мақсат – орта тапты қоғам құру мүмкін болмайды.

Әлеуметтік мобильділік ұғымы адамдардың қоғамда қалыптасқан таптар мен қабаттар жүйесінде еркін орын ауыстыруын білдіреді. Адамдар өмір бойы бір таптың немесе топтың тұрақты өкілі болып қала алмайды.   Адам өмірінің өзгеруіне көптеген факторлар әсер етеді. Адамдар білім алады, мамандықтарын өзгертеді, мемлекеттік лауазымдарға ие болады.

Әлеуметтік мобильділіктің қозғалу бағыттары
Тік (вертикаль)
Көлдеңен (горизанталь)

 

 

 

 

 

 

Кедей адамның байып кетуі немесе байдың кедейленіп қалуы; жұмысшының оқу орнын бітіріп, дипломды маман болуы, содан кейін өкілетті органдардың депутаттығына сайлануы; лауазымды адамның жауапқа тартылып, істі болуы – мобильділіктің тігінен қозғалу бағыттарына жатады. Көлдеңенен қозғалу бағытына белгілі бір тап немесе топ өкілінің бұрыңғы табыс көлемін сақтап, сол әлеуметтік мәртебесінде қала отырып, мамандығын немесе кәсібін өзгертуі жатады.

Тұрпаты жағынан әлеуметтік мобильділік тапаралық және тапішілік болып бөлінеді. Сондайақ оның басты және қосалқы, тұрпатты және кездейсоқ, дара және бұқаралық бағыттары мен арналары болады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік тұрғылардың бір ұрпақ, екі ұрпақ (әке және бала), үш ұрпақ (әке, бала, немере) шеңберінде өзгеруін де көрсетеді.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Орташа статистикалық қамтамасыздандыру дегеніміз не?
  3. Тұрпаты жағынан әлеуметтік мобильділік нешеге бөлінеді?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Орта тапты қоғам дегеніміз не?
  6. Біздің елімізде орта тапты қоғам құруды алдына мақсат етіп қойды?
  7. Әлеуметтік мобильділік ұғымын қалай түсінесіңдер?
  8. Үйге тапсырма: 17. Орта тапты қоғам.
  9. Бағалау: