Демократия халық билігі
Сабақтың тақырыбы:§ 22-23. Демократия халық билігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға демократия ұғымына, демократияның қозғаушы күштеріне,демократиялық емес режімдер: авторитаризм, тоталитаризм ұғымдарына түсінік беру.
Тәрбиелік: демократия халық билігі болғандықтан, оқушылар өз ойын ашық айтуға, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушыларға халық билігі, сөз бостандығы жайлы түсінік қалыптастыра отырып, олардың ой – пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Саясат дегеніміз не?
- Билік деп нені айтамыз?
- Халық – билік қайнары деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- Білімдерін жан жақты тексеру
- Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- Жергілікті (облыстық, қалалық, аудандық) саяси билік және басқару институттарын атаңдар.
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Демократия ұғымы.
- Халық еркінің байқалу тетіктері.
- Демократияның қозғаушы күштері.
- Демократияның орнығуына қажетті шарттар.
- Демократияның негізгі белгілері.
- Демократиялық емес режімдер.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар бірлесіп өмір сүрудің неғұрлым жетілдірілген, әлеуметтік әділетті жолдарын іздестіріп келеді. Сол ізденістің қорытындысы ретінде адамзат қауымы адамдардың бірлескен қызметін басқарудың бүгінгі таңда ең ұтымды деп есептелініп отырған әдісі – демократияны ойлап шығарды.
Ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.). «Құлдықтан бостандықтың артықшылығы қандай болса, монархиядағы бақытты өмірден гөрі демократиялық мемлекеттегі кедейліктің артықтығы соншама», — деп есептеген екен.
Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.
Демократиялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі.
Демократия дегеніміз – халықтың еркі немесе билігі. Бұдан: «халық өзінің еркін қалай көрсетеді және билігін қалай жүзеге асырады?» — деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтардың алғашқысына: «Халық өзінің еркін өзі шығарған заңдар арқылы білдіреді», — деп, екіншісіне: «Халық биліктің өзі сайлаған депутаттары арқылы жүзеге асырады», — деп жауап беруге болады.
Заңдарды халық сайлаған қалаулылар жасайды. Заңдардың ішіндегі ең негізгісі – Конституция.
Демократия ұстанымдарының орнығу үдерісінің тез немесе баяу жүруі екі түрлі саяси күштің арасалмағына және олардың бір-біріне қатысты тұрғыларына тәуелді.
Біріншісі – билік иелері – ел басшысы, парламент, атқарушы және сот билігінің тұтқаларын ұстап отырған мемлекеттік шенеуніктер мен солардың айналасындағы түрлі баспалдақтағы әкімдер.
Екінші күш – демократияны қолдайтын, оған мүдделі күш. Ол – халық.
Демократияның орнығуына қажетті шарттар:
- Азаматтардың тең дәрежеде билікке араласуын қамтамасыз ету үшін еркін және әділ сайлау жүйесі болуы;
- Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты дұрыс болуы және сауатты басқарылуы үшін балама идеяларымен билік басындағылардың қателерін түзеп, дұрысын қолдап, қоғамды прогресс жолына түсірудің барлық тетіктерін қозғап отыратын қоғамдық бірлестіктердің, солардың ішінде, саяси партиялардың белсенді әрекет етуі;
- Экономикалық дамудың жеткілікті деңгейде деңгейде жоғары болуы. Ол үшін отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасау,
- Бұқараны дұрыс бағыттап, саяси ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың дұрыс шешім қабылдауына, саяси сауатын арттыруына көмектесетін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының болуы;
- Саяси мәдениет деңгейінің жоғары болуы, саяси шараларға бұқараның саналы түрде қатысуы, қалауын сауатты білдіре алуы;
- Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот билігінің болуы шарт.
Демократиялық мемлекетте құқықтар мен еркіндіктер елдің негізгі заңы болып табылатын конституцияда бекітіледі.
Тұжырымдамалар мен модельдердің көп болуына қарамастан, демократиялық саяси режімнің негізгі белгілерін төмендегіше көз алдына келтіруге болады:
- Тұлғаның азаматтық, саяси және әлеуметтік кепілдіктері қамтамасыз етіледі;
- Саяси билік көпшіліктің қолында болады.
- Билік еркін сайлау жүргізу арқылы түзіледі;
- Көпшілік азшылықтың оппозиция құру, басқарып отырған режімнің әрекеттерін сынау, оны келесі сайлауда ауыстыру құқығын сыйлайды;
- Мемлекеттік билік институттарының құрылымы билік бөлу ұстанымына негізделеді;
- Партиялардың өзара бәсекеге түсе алуын қамтамасыз ететін саяси жүйе болады.
Демократия болмаған елде демократиялық емес режімдер орнайды.
Демократияға қарама-қарсы тұрған саяси жүйе – тоталитаризм. Тоталитаризм (лат. Totalitas – тұтастық, толықтық) – қоғам өмірінің барлық аяларына бақылау жасайтын, демократиялық ұйымдарға тиым салатын, конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді аяққа таптап, прогресшіл күштерге қарсы қуғын-сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы.
Авторитаризм (лат. Au дан )жалғау), toritas – билік, ықпал) – азаматтық, демократиялық қоғамның және тоталитарлық режімнің нышандары араласып жүретін, осы екеуінің ортасында тұрған саяси жүйе.
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Жаңа материалды бекіту:
- Үйге тапсырма:§ 22-23. Демократия халық билігі.
- Бағалау: