Қылмыстық: құрылымы, функциялары және негізгі ұстанымдары.

Сабақтың тақырыбы:§ 48. Қылмыстық: құрылымы, функциялары және негізгі ұстанымдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қылмыстық құқықтың құрылымы, атқаратын қызметімен және  қылмыстық құқықтың ұстанымдары туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге  тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Еңбек және тәртіп жауапкершілігі дегеніміз не?
  3. Жұмыс берушінің қандай құқықтары бар?
  4. Заң жұмыс берушіге қандай міндеттер жүктейді?
  5. Білімдерін жан- жақты тексеру
  6. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жұмыс ұзақтылығы мен жұмыс уақыты қалай белгіленген?
  7. Әкімшілік құқықбұзушылық дегеніміз не?
  8. Әкімшілік жаза дегеніміз не?
  9. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Қылмыстық құқық дегеніміз не?
  2. Қылмыстық құқықтың құрылымы
  3. Қылмыстық құқықтың ұстанымдары
  4. Қылмыстық құқықтың функциялары

Қылмыстық құқық- адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы.

Қылмыстық құқық тиым салынуға тиіс әрекеттердің істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық құқық- жалпы құқық жүйесінің негізгі саласы және жеке пән. Ол қылмыстың не екенін, қылмыстық жауапкершілікті, жаза және  жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың реттілігі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады. Құқықтың басқа салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы-Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қылмыстық құқық

 

 

Жалпы бөлім                                     ерекше бөлім

 

Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым; қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері; қылмыстық жауапкершілік негізі; қылмыстың құрамы туралы түсінік; қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші; әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын жайлар, сондай-ақ қылмыс істеу, қылмысқа қатысу, жазаның мақсаты, жүйелері, жаза тағайындау; қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан  босату жағдайлары қарастырылған.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және олар үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.

Қылмыстық құқықтың функциялары

 

 

 

қорғаушылық              сақтандырушылық                тәрбиелік

Қылмыстық- құқықтық ұстанымдар заң шығарушыға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмысқа қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Олардың негізгілері мыналар:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде халықаралық қылмыстық құқықтың жалпыға ортақ қағидалары мен нормаларының толық ескрілуі;
  • қылмыстық заңның Конституцияға негізделуі;
  • қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермеу;
  • азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі;
  • ешкімнің жауапкершіліктен құтылмайтындығы;
  • әділеттілік ұстанымы;
  • ізгілік ұстанымы.

Өмірде түрлі қоғамдық қатынастарды заңдық нормаларға сәйкес құқықтың салалары реттейді. Құқықтың салалары өзара байланысты, қағамдық өмірде белгілі бір салада реттелетін нормалардың жиынтығын құрайды.

Құқық жүйесіне енетін негізгі салаларға мыналар жатады:

  • мемлекеттік
  • әкімшілік
  • азаматтық
  • қаржылық
  • еңбек
  • отбасылық
  • қылмыстық
  • халықаралық және т.б.
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қылмыстық құқық дегеніміз не?
  3. Қылмыстық құқық қандай бөлімдерден тұрады?
  4. Қылмыстық құқықтың қандай міндеттерімен қағидалары бар?
  5. Жаңа материалды бекіту:
  6. Қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
  7. Қылмыстық құқықтың ұстанымдарын атаңдар?
  8. Үйге тапсырма:§ 48. Қылмыстық құқық: құрылымы, функциялары және негізгі ұстанымдары.
  9. Бағалау: