Сабақтың тақырыбы: Адам

Сабақтың тақырыбы: Адам

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам мәселесі, табиғаты, адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Білімдерін жан- жақты тексеру
  3. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі.
  2. Адам ұғымы.
  3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар.

Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде Homo sapiens (саналы адам) түрінің өкілі пайда болған.

Адам мен оның тегі туралы аңыздық түсініктер де алуан түрлі.

 

Адам мәселесімен айналысатын сала
социология
физиология
этнология
Антропология
педогогика
анатомия
психология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды.

Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен – жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен және саналылығымен ерекшеленеді. Адам – Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі, қоғамдық- тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында адам ғарыштың бір бөлігі, өзінше кіші әлем- микрокосм, үлкен әлемнің- макрокосмның бейнесі және символы ретінде сипатталады.

Адам – тәнилік пен руханилықты, табиғилық пен әлеуметтік, мұраға иеленгені мен өмірден қабылдағандарын бірлікте алып жүретін пенде. Тірі организм ретінде адам қоршаған құбылыстармен табиғи байланыста болады және биологилық (биофизикалық, биохимиялық, физиологиялық) заңдылықтарға бағынады. Сондай-ақ адам саналы психикасы деңгейінде және тұлға ретінде өзіндік ерекше заңдылықтары бар әлеуметтік болмыстан да тысқары қала алмайды. Адамның тәни, морфологиялық ұйымдасуы- әлемнің бізге мәлім бөлігіндегі материя ұйымдасуының ең жоғары деңгейі. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаған ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ататегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемі мен әлеуметтік жағдайларға тап болады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол – әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш  — қоғам ғана.

Мәдениетпен қауышу үдерісінде адамда өзінің қалауынан және түйсіктің ерік күшімен реттей алуынан көрінетін өзін-өзі бақылау тетігі қалыптасады. Мұндай өзін-өзі бақылау, шын мәнінде, әлеуметтік бақылау болып табылады.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
  2. Қоғамнан қол үзген ересек адам қандай күй кешуі мүмкін?
  3. Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстыр?
  4. Жаңа материалды бекіту:
  5. Адам мәселесімен айналысатын ғылым салаларын атаңдар.
  6. Адамның бойындағы нышандарға сипаттама беріңдер.
  7. Саналы адамдар қашан пайда болды?
  8. Үйге тапсырма:1. Адам
  9. Бағалау: