Қылмыс және қылмыстық жауаптылық.
Сабақтың тақырыбы: § 49. Қылмыс және қылмыстық жауаптылық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қылмыстың қоғамға қауіпті іс әрекет екенін түсіндіру. Кәмелетке толмағандардың қылмысы және қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
- Үй тапсырмасын тексеру
- Қылмыстық құқық дегеніміз не?
- Қылмыстық құқық неше бөлімнен тұрады.
- Қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
- Білімдерін жан- жақты тексеру
- Қылмыс жасауының себептері туралы мәселені талқылап, пікір алмасу.
- Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
- Қылмыс
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
- Қылмыс үшін жазалау.
Қоғамда қылмыс жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиеніңдәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, құқық қорғау органдары қызметінің тиімсіздігі, т.б. факторларды атауға болады.
Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құрылатындықтан, нақты бір адамға қарсы жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.
Қылмыс |
Қасақана |
Байқаусызда |
тікелей |
жанама |
Адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, қылмысқа барса, бұл саналы түрде, қасақана жасалған қылмыс болып табылады.
Кейде адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екеніне жеткілікті көңіл бөлмей, оның артындағы зардабын ескермей қылмысқа барады. Бұл жанама қылмысқа жатады.
Егер саяхатшы орманға серуендеп барғанда, отты сөндірмей кетуінен өрт шықса,- ол абайсызда жасалған қылмысқа жатады.
Қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз – қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы. Әректсіздік дегеніміз – азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы.
Азамат 14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру; денсаулығына зиян келтіру; әйел зорлау; тонау; ұрлау; бұзақылықтың ауыр түрін жасау; мемлекеттік немесе жекеменшіктік мүлікті жою; қаруды, әскери жабдықтарды ұстау; адам ұрлау; қорқыту; терроризм; аманаттыққа тұтқындау; вандализм; уландырғыш заттарды ұрлау, т.б. түрлері үшін жауапқа тартылады.
Кәмелеттік жасқа толмаса да, 16 жастан асқан жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады.
Тек мемлекет немесе оның органдары ғана емес, адамның өзі де құқығы мен бостандығын қорғай білуі қажет. Сондықтан азаматқа өзін, өзінің мүддесін қорғауына толық құқық берілген. Азаматтың өзін қорғау үшін жасайтын әрекеттеріне қатысты қажетті қорғану ұғымы қолданылады.
Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен қауіп төндірушінің өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз.
Жазаның мынадай түрлері бар:
- айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді);
- құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);
- қоғамдық жұмысқа тарту (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);
- еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзінің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);
- бас бостандығын шектеу (сотталушыны арнайы орында, қоғамнан оңашаламай ұстау);
- тұтқындау;
- әскери тәртіп бөлімінде ұстау;
- бас бостандығынан айыру;
- сотталушының мүлкін тәркілеу;
ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылғн.
Олардың негізгілері мыналар:
- кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;
- адам қылмысқа отбасы ауырлығы жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса;
- қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен – қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса;
- қылмыс жәбіленушінің шектен асқан, жөнсіз әрекеті салдарынан туған терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;
- адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;
- қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындамау кезінде жасалса.
ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар да қарастырылған.
Олардың негізгілері мыналар:
- қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;
- қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;
- қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса;
- қылмыстың арты ауыр зардапқа әкеліп соқтырса;
- қылмысқа балалар немесе психикалық кемтар адамдар тартылса,
- қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса;
- қылмыс табиғат апаты немесе басқа да төтенше жағдайды бүркемеленіп жасалса;
- қылмыстан қоршаған ортаға зиян келтірілсе;
- қылмыс адамның уландырғыш заттар мен ішімдікті қолданған күйінде жасалса;
- қылмыс от қаруды, жарылғыш және техникалық құралдарды пайдаланып жасалса;
- Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
- Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін және ауырлататын қандай жағдайлар бар?
- Жауапкершіліктен босататын жағдайлар?
- Жаңа материалды бекіту:
- Қылмыс дегеніміз не?
- Қажетті қорғану дегеніміз не?
- Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?
- Үйге тапсырма:§ 49. Қылмыс және қылмыстық жауаптылық.
- Бағалау: