Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.
Сабақтың тақырыбы | Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр. | ||
Сабақтың мақсаты: | Фигураның ауданы ұғымымен, оны өлшеу және өлшем бірлігімен танысу, ақпаратты өз бетінше меңгеру, топта бірлесе жұмыс жасай білу | ||
Сілтеме | 3 сынып математика оқулығы | ||
Оқыту нәтижелері | Тапсырмаларды өз бетінше орындап, фигураның ауданы ұғымын меңгереді, оны өлшеп және өлшем бірлігін анықтай алады. Ақпаратты өз бетінше меңгереді, топта бірлесе жұмыс жасай алады. | ||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||
Әдіс — тәсілдер | Шаттық шеңбері, топқа бөлу, «Ой қозғау», «Бос орын», «Сызба сызу», «Болжау», «Сұрақ — жауап», Кестені толтыру, Талдау стратегиялары | ||
Ресурстар | Қима қағаздар, слайдтар, интернет тақта | ||
Сабақ кезеңдері | Әдіс — тәсілдер | Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушылардың іс — әрекеті |
Қызығушылықты ояту | Шаттық шеңбері | Ортаға жиналып, өлең жолдарын бірге қайталап,киіз үй құрау керектігін айтады | Орындарынана тұрып, өлең жолдарын айтып, киіз үй құрайды Дөңгеленіп тұрайық Керегені құрайық. |
Топқа бөліну | Геометриялық фигуралардың түстері арқылы топқа бөлу | Шаршы, тіктөртбұрыштардың түстері арқылы топқа бөлініп отырады | |
Бағалау әдісі | Бағалауды жүргізу әдісімен таныстыру | Топ басшысын сайлап, бағалау әдісімен танысады | |
Мағынаны тану | «Ой қозғау» стратегиясы | Математикалық диктантты 1 минутта жазып беру тапсырылады | Алдарына берілген математикалық диктант жазылған қима қағаздарына көбейту кестелерін жазып береді |
«Бос орын» стратегиясы | Әр топқа мәні белгілі өрнектер беріледі. Ондағы бос орындағы сандарды тауып жазу ұсынылады | Берілген амалдарды орындап, ондағы бос орындағы сандарды тауып жазады | |
«Сызба сызу» стратегиясы | Топтарға дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінді сызу ұсынылады. | Дәптерлеріне 1 см және 6 см кесінділер сызады | |
«Болжау» стратегиясы
| Кітаптағы ауданы 1см2 және 6см2 болтын фигураларды қалай түсіндіруге болатынын қарап, айтуға тапсырма беру | Кітап бойынша топтарында берілген фигураларды талдап, қорытынды жасайды. | |
Ой толғаныс | «Сұрақ — жауап» стратегиясы | 1.Берілген кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп жандарына жазу ұсынылады 2. Топқа бөлінгенде алған фигураларының аудан мен периметрін табу | Кесінді мен фигуралардың ауданы мен ұзындықтарын өлшеп, жандарына жазады
Өз қолдарындағы фигуралардың ауданы мен периметрін табу |
Кестені толтыру | №6 берілген кестені толтыру ұсынылады | Алдарындағы бетке №6 толтыру | |
Талдау стратегиясы | №4, 3 есептер шығарылады | Осы есептерді шығарады | |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы жиынтық баға | Әр берілген есеп пен тапсырмаларға балл қойылып,өз-өзін бағалау ұсынылады. Жиынтық бағалау жүргізеді | Өз еңбектерін берілген критерийлерге байланысты бағалап, өз -өздеріне бал қояды |
Кері байланыс | Геометриялық фигуралар | Өз қолдарындағы фигураларға кері байланыс жазуларын сұрайды | Оқушылар қолдарындағы фигураларға сабақтан алған әсері мен білгендерін жазып,тапсырады |
Үйге тапсырма | №7 (88 бет) Мөлдір пластинаға 1см2 бөліп сызып әкелу тапсырылады | Берілген тапсырмаларды орындайды |