Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері

Сабақтың мақсаты:

білімдік: Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері туралы білімді қалыптастыру.

тәрбиелік:Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулып,  патриоттық тәрбие беру.

 дамытушылық:Логикалық қабілеттері дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, ҚР Конституциясы,  оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбалар.

Сабақтың түрі: кіріктірілген.

Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, пікірталас, ойды дамыту, талқылау.

Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

  1. Жаңа сабақ.

V.Жаңа сабақтың мақсаты:

VІ.  Сабақты бекіту.

VІІ. Үйге тапсырма, бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:  1. Сәлемдесіп, тізіммен түгелдеу.

  1. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
  2. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. жеке-жеке

  1. топтық жұмыс
  2. ҚР Конституциясымен жұмыс.

1.Материалдық қажеттіліктер өтелуінің маңызы неде?

  1. Меншік құқығы дегеніміз не?
  2. Меншік құқығы қаншаға бөлінеді? Иелену, пайдалану, өкімдік құқығына анықтама беріңдер.
  3. Кәсіпкерлік дегеніміз не? Кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы дегенімізді қалай түсінесіңдер?

5.Білім алудың негізгі шарттары туралы айтып беріңдер.

  1. Еркін еңбек ету құқығы дегеніміз не?

 

 

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

1.Кестені толтырыңдар.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтарӘлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
  1. Құқықтық есептер:
  2. Қала әкімі бырсыпыра азаматтардың тұрғын үйлерін алып қою туралы шешім шығарды.Азаматтар өздерінің меншігіне қол сұғуға болмайтынын айтып,келіспеді. Азаматтардың айтқандары айтқандары дұрыс па?
  3. К. Көптен бері кәсіпкер болғысы келіп жүрді.Оның шағын пәтері,автокөлігі мен кішкентай саяжайы бар.Осы мүлікті банктен алған несиеге кепілдікке қоюға болатынын жолдасынан естиді. Ал, Әділет Министрлігі К-ның жеке мүлкін заңды тұлға ретінде кәсіпкерлік мақсатта қолдана алмайтынын айтады. Сендердің ойларың?

ІҮ.Жаңа сабақтың мақсаты:

Қазастан Республикасы азаматтарының міндеттері туралы оқушылардың білімдерін шыңдай отырып,рухани бай ,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Ү. Жаңа сабақ:

Жоспары:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі міндеттері.
  2. Қоғамның өзге мүшелерінің құқығын,бостандығын сыйлау,намысы мен қадірін құрметтеу.
  3. Салық төлеушілердің міндеттері.
  4. Азаматтардың Отан қорғау міндеті.

 

 

 

ҮІ. Сабақты бекіту:

  1. « Кім жылдам?» сұрақ-жауап.
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі міндеттерін атаңдар.
  3. Отанды қорғау міндетін,Отансүйгіштікті қалай түсінесіңдер?

3.Азаматардың міндеттерінің олардың құқықтары мен бостандықтарымен

байланыстылығын немен түсіндіруге болады?

 

2.Философияға саяхат: « Өмірлік  заңдар тізбесі.»

  1. Мейірім заңы: Жақыныңа мейірімді бол,ол жақсылық әкеледі.
  2. Шындық заңы: Шындық адамның бәріне керек. Әділетті,шыншыл бол!
  3. Қамқорлық заңы: Адамдарға қамқор бол,олардың талабын, керегін ескер.
  4. Сүйіспеншілік заңы: Сүйіспеншілік ертеден келе жатқан құрметті сезім,одан ұялма.
  5. Қайырымдылық заңы: Саған жақсы шығар,бірақ көзі жасты,көңілі жарымды ұмытпа.
  6. Естелік заңы: Өз тарихын ұмытқан ел өледі. Тарихыңды,тіліңді, діліңді құрметте!

7.Құрмет заңы: Құрметті болғың келсе,өзгенің адамгершілік қасиетін сыйла!

8.Кәрілік заңы: Атаңа не істесең,алдыңа сол келеді.Кәрілікті құрметте!

9.Еркіндік заңы: Әр нәрсе еркіндікті аңсайды.Еркіндігіңді тіле!

10.Батылдық заңы: Батыл да шешімді бол!

  1. Қадыр-қасиет заңы: Рухани байлығыңды,мейірімділік пен міндетіңді ойлан!

12.Тектілік заңы: Халқымыз тура,әділ сөзге тоқтаған.Бабасын қастерлеген, қасиеттеген. Анасын құрметтеп, атасына нәлет келтірмеген.

 

 

  1. «Баптар сөйлейді» ҚР Конституциясының ІІ бөлімі: Адам және азамат.

34-бап:

  1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандықтарын,абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
  2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

35-бап:

Заңды түрде белгіленген салықтарды,алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің  борышы әрі міндеті болып табылады.

36-бап:

  1. Қазақстан Республикасын қорғау— оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
  2. Республика азаматары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

37-бап:

Қазастан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38-бап:

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

4.« Менің-оқушы ретіндегі міндеттерім» пікірталас.

ҮІ. Үйге тапсырма:

& 38. 152-154 беттерді оқып, мазмұндау.

Қазақстан Республикасы  Конституциясының осы тақырыпқа байланысты баптарын дәптерге жазып, жаттау.

Бағалау: Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау