«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» (Блум таксономиясы бойынша )
Коуч: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы
«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі»
(Блум таксономиясы бойынша )
Коучинг сессия жоспары
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақтың мақсаты:
Мұғалімдердің СТО-ы арқылы өзіндік пікір айту, әр түрлі
жағдаяттарды шешу, ой –қозғауын өз тәжірибесінде пайдаланып,
шығармашылығын дамытуға ықпал ету.
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлауды оқупроцесінде қолдана
білулеріне ықпал ету, бақылау мен тыңдау арқлы дәлелдер
жинастыру және шеім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді
қолдану дағдыларын дамыту, топтық жұмыс орындату
арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптасыру.
Коучинг әдістері: Миға шабуыл, жеке жұмыс, Блум таксономиясы,
критериальды бағалау, кері байланыс
Қолданылған құралдар: ватман, А4 парағы, АТК, постерлер, үлестірме
материалдар
№ | Коуч әрекеті Коучинг барысы: | Мұғалім әрекеті | Уақыты | |||
1 | «Ақ тілек» түрлі түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және мұғалімдерге таратылып беріледі. Мысалы: парта, кітап, айна, тау, сызғыш, қаламсап, су, кілт, орамал, т.б | Мұғалім өзінің оң жағындағы әріптесіне стикердегі сөзді қатыстырып, тілек айтады. | 5 мин | |||
2 | Топқа бөлу Стикерде жазылған «мектеп» және «өнер» тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлу | «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздер бірінші топ, ал «өнер» тақырыбына өатысты сөздер екінші топ болады. | 2 мин | |||
3 | Білу
Сен білесің бе? Бұл кім деп ойлайсыздар? Қай саланың маманы? | Жасырылған суретті табуда, ой – пікір айтуда белсенділік көрсету. Коуч ұсынған «көпіршілерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау | 5 мин | |||
4 | Түсіну
Екі топ ментальді карта ұсыну | Екі топ ментальді карта құру | 10 мин | |||
5 | Қолдану
Видеокөрсетілім арқылы диалогты жалғастыру. «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі. Фильм жартысынан үзіліп, қалған бөлігін әріптестеріме өз ойларынан жалғастыруды ұсынамын. | 1-ші топ Абылай ханның, 2-ші топ Жоңғар ханның айтқандарын өз ойларымен жалғастырады. Соңынан фильмнің үзіндісінің толық нұсқасын көріп, өз құрған диалогтарымен сәйкестестігін анықтайды. | 10 мин | |||
6 | Талдау
«Сізден сұрақ, бізден – жауап» Топтарға бір – біріне сұрақтар қоюды ұсынамын | «Көшпенділер» фильмі жайлы топ бір – біріне сұрақтар қояды. | 5 мин | |||
7 | Жинақтау
«Топтық поэма» (жалпы фильм жайлы, бүгінгі сабақ тақырыбында) | Жеке жұмыс орындалады. Ақ парақтың жоғары бөлігіне қатысушы өз аты – жөнін жазады. Әр қатысушы фильмнің бір сөзін жазады, келесі адамға береді. Ол адам өз қатарын жазып келесіге береді. осылайша жалғасып, соңынан бір фильм шығады. Ең соңында қатысушылар өз фильмнің қай жағдайға түскенін көреді. | 5 мин | |||
8 | Бағалау
Ортақ критерий ұсыну | Екі топ бірін – бірі бағалайды, өз ой – пікірімен бөліседі. | 3 мин | |||
9 | Теориялық білім (қорытындылау)
а) сын тұрғысынан ойлау б) сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясынан айырмашылығы с) диалог түрлері, әңгіме | Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтініне қатысты өз сұрақтарын қояды, өз ой – пікірлерін айтады. | 5 мин | |||
10 | Кері байланыс
Эссе жазу. «Менің алған әсерім» | Коучинг – сесиядан алған әсерін эссе етіп жазады. | 5 мин |