Оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні

ТақырыбыОқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні
СілтемеМАН, ақпараттық материалдар, интернет ресурстары
Жалпы мақсатыБүгінгі білім бала болашағына бағытталып берілуі үшін  деңгейлік курс бітірген аудан мұғалімдерімен бірлесе отырып мұғалім құзіреттілігін көтеру, үздіксіз дамуына әсер ету.
Күтілетін нәтижеШынайы білім сапасына қол жеткізу нысандарын түсіну, білімді жеке тұлғаға бағыттап жаңаша беру.
Түйінді идеяБала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді .
Ресурстар Маркер, стикер, ақ парақ, ватман,кеспе қағаздар, видеожазба.

Коучинг

Коучингтің өтілу кезеңдеріУақытыКоуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі2 минТренинг «Менің тұлғам». Қатысушылар ақ бетті екіге бүктеп, өз қолдарымен жыртып бала бейнесін жасайды.
Топқа бөлу2 мин1.Өз мамандығымызға жақын бес сөзді атаңыз.(Білім, оқушы, мұғалім, сабақ, мектеп)

2.Осы сөздерді рет бойынща айту арқылы топқа бөліну.

 

 

Ой шақыру5 мин«Мектеп білім сапасымен бағаланады…»- деген ойға топтардың көзқарастарын білу.
Ой тастау5 мин     Кеспе қағаздарда дайындалған   1.«Оқушы»,

2. «Білім», 3.«Сабақ», 4.«Мұғалім», 5.«Мектеп» сөздерін өз қалаулары бойынша ретімен орналастыру. Ойларын дәлелдеу.

Ой қорыту5 мин

+

5 мин

« Мектеп білім сапасымен бағаланады, бірақ білім сапасы мектеп үшін  басты мақсат емес…»- деген ойды өз көзқарастарынша ашу және алдыңғы ретімен орналастырған сөз тізбектерін қорытынды ойлары бойынша қайта орналастыру. Егер реттік көзқарастары өзгерген болса, оған не түрткі болғандығын түсіндіру.
Тұжырым5 минБүгінгі білім жеке тұлғаның өмірлік ұстанымына,  қажеттілігіне негізделіп берілуі тиіс. Біз – адам жасаушымыз. Сондықтан, мектептегі мұғалімнің әр сабағы арқылы берілетін білім — ең бірінші бала үшін екенін ұмытпағанымыз абзал. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді . (20 тоқтаммен таныстыру)
Топтық жұмыс7 мин

+

қорғауға

2 минуттан

Қандай болуы керек? Қалай жасауымыз керек?

1.      Оқушы тобына – «Мінсіз оқушы»

2.      Білім тобына – «Мінсіз білім»

3.      Сабақ тобына – «Мінсіз сабақ»

4.      Мұғалім тобына – «Мінсіз мұғалім»

5.      Мектеп тобына – «Мінсіз мектеп»

Рефлексия5минА) Топтық жұмысқа пікір жазу арқылы стикермен бағалау.

Ә) Бүгінгі таңда оқытуды жаңаша ұйымдастырудың мәні қандай? (пікір алысу)

Қорытынды ой2 мин   +

1 мин

1.Бейнежазба «Бәрі өз қолыңда».

2.«Ұстаз – болашақтың ұстасы». Ойды түйіндеу.

Кері байланыс2 мин«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»