Оқытудағы критериалды бағалау тақырыбы бойынша коучинг сабағы туралы есеп 1-тақырыпты негіздеу

Оқытудағы критериалды бағалау тақырыбы бойынша коучинг сабағы туралы есеп 1-тақырыпты  негіздеу

Бірінші бетпе-бет кезеңінде көптеген жаңа ақпарат, әдістемелер, жаңа ұғымдармен мен танысып, алған  білімімді мектебіме келгеннен кейін ОН-ЛАЙН жоспарым бойынша өткізетін алғашқы жұмыстарымның бірі- осы мұғалімдер коучингісіне қолдану болды. Ондағы мақсатым мектептегі әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға, өздерінің оқыту тәжірибесін өзгертуге көмектесу, бағыт бағдар беру еді. Тәжірибені неден, қалай бастаймын, жоспарым бойынша ұйымдастыра алам ба деген сұрақтар маза бермей қойды. Мен еңбек ететін №32  В.В.Маяковский  орта мектебім, екі тілді , көп ұлтты аралас мектеп.Мектепте 61 мұғалім еңбек етеді.Олардың 4-і «жоғары»,12-і «бірінші»,36-і «екінші» санатты, қалғандары жас мұғалімдер. Мектепке келген соң мектеп әкімшілігі  ұжымымды бағдарлама мазмұнымен таныстыруымды өтінді. Себебі екінші  негізгі  деңгей бойынша біздің мектептен алғашқы тыңдаушы мен болдым. Мен келісімімді беріп, дайындыққа кірісіп кеттім. Мектепке өз ұжымыма, келген соң әріптестеріме өткізетін коучинг сабақтарының тақырыбын таңдауға кірістім. Семинар сабақты психологиялық ахуал  тудырудан бастадым, презентация жасап, бағдарлама мазмұнымен таныстырдым, 7 модульге тоқталдым.Сауалнама жүргіздім.Бағдарламаны слайд  арқылы қысқаша түсінік бердім.Қойылған  сұрақтарға жауап бердім.Саусақтар арқылы мінезді  анықтау тестін алдым. Мұғалімдер ұйып тыңдады, соңынан директор тұрып рахмет айтып, жұмысыма сәттілік  тілеп сөзін аяқтады.Мен олармен бірге «Оқу үдерісіндегі  көшбасшылықты  анықтау»,  «Бағалау  және  оның  түрлері» тақырыбын таңдап алдым.Тақырып таңдап алғаннан кейін,  жоспарлау кезеңінде неден бастап жазу керектігін айқындай алмай қиналдым. Коучинг  өткізу үшін  мен курста меңгерген  теориялық материалды қайталап, тренердің айтқандарын есіме түсіре отырып, кітаптардан қажет ресурстарды іздеп,  мұхият дайындалдым.Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде өзім үйренген, көрген, білгенімді мұғалімдерге толық жеткіземін бе, мұғалімдерді  қызықтыра  аламын ба, коучингті сапалы өткіземін бе?- деген көкейімде ойлар мазалап,МАН-ды  қайта оқып, сауалнамалар даярлап, таңдалған тақырыпқа байланысты бейне роликтер іздеп, слайд, флипчарттар дайындадым.

Менің коучинг сабағыма бастауыш сынып,қазақ тілі,тарих пәні, шет тілі мұғалімдері қатысты. Әр топта тәжірибелі мұғалім мен жас мамандар бірге болды.Олардың ішінде жоғары санатты, бірінші санатты мұғалімдер және жас мамандар болды. Әрбір  ұстаздың  пікірін  тыңдау  барысында ауқымды  тақырып «Бағалау  және  оның түрлері»-не тоқталып, мәселелі жағдайды бірге шешкім келді. Әріптестерімнің  пікірінше бұл мәселе «Бағалау  және  оның түрлері» болып  табылды.Себебі ҰБТ,ОЖСБ,тоқсандық бағалауда бағаның сәйкессіздігі мектептің өзекті проблемасы болып табылады.Әсіресеі жас  мамандарға  тәжірибе   жинақтау  үшін  көмек беру мақсатында  осы  тақырыпты  таңдадым.

2-бөлім. Коучинг сабағының    сипаттамасы   және    оқытуды  бағалау.

Ал алдыма қойған  мақсатым: Оқу үдересінің  әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалау жүргізудің маңыздылығын  ұғындыру

Міндетім: 1.Оқушы білімін нақты бағалауда бағалау  критерийлерін  құрастыруға үйрету

2.Бағалауды тиімді қолдану жолдарын үйрету

Күтілетін  нәтиже:Оқушы білімін нақты бағалауда бағалау критерийлерін құрастыруға үйрнеді.Бағалауды тиімді қолдану жолдарын үйренеді

Курста оқып жүріп, біз топпен оқу формасын, топпен жұмыс істеу ережелерін үйрендік, оның ішінде әркімнің пікірін тыңдау, топтағы міндеттерді дұрыс бөлу, өз ара түсіністік және бірін-бірі және өзін бағалау. Мен өзім оқу үдерісі кезінде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді және бағдарламаның жеті модулын қоса пайдаланып, коучинг ұйымдастыру дұрыс деп шештім.

Топты 1,2,3 санау  арқылы топтарға  бөлдім, топ  басшыларын  сайлап,топ  аттарын  өздері  қойды.Коучингтің басында кіру парағын бердім. Коучинг басында мұғалімдердің сұранысы бойынша  жеті модуль түрлерімен таныстырдым. Мұғалімдер  назарын слайдқа  бұрып екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылатыны  жөніндегі  қысқаша  түсінік  бердім. Коучинг сабағының барысында алдын –ала  дайындаған презентация бойынша Ұлы Абайдың  қара  сөзін  қойып  бердім, мұғалімдер  ұйып  тыңдады. Бұл  қара  сөзден  не  байқағанын, не  түсінгенін  сұрадым.Мұғалімдер өз  ойларын  қызығушылықпен  шама  шарқынша пікірталасқа  түсті.Өз  ойларын  ортаға салып,пікірлерімен  бөлісті.

Жеті қазынамыздың  бірі жылқының суретін  салуды тапсырдым. Бағалау деген не?  деген  сұрақ қойдым,бұған  жас   маман  болсада  өз  ойларын  айтты. Салған   суреттерін  өздеріне  бағалаттым,сонан  кейін  оны  көршісіне  бағалаттым.Топтағы ең жақсысын таңдап  алып, топтар    арасында  бағалау  үшін  бағалау  критерий құру арқылып  бағалаттым.Бағалау  критерий бойынша  өз  пікірлерімен бөлісті,мақал-мәтелдер  арқылы ойларын  жеткізді.Сонан  соң алдыңғы  бағалары  мен  салыстырды.

Жаңбырдың  жауып,тоқтауын,қол мен  аяқтың қимылы  арқылы  сергіту сәтінен кейін мұғалімдердің көңіл-күйлері көтерілді.

 

Алға  қадам  басамыз,

Тірек  сөзді  қолданып.

Қысқа,нақты  сөйлейміз,

Пікірлесіп,ойласып.

Сұрақ  қойып шешеміз,

Сөйтіп  мақсатымызға жетеміз-деп әріптестеріме нұсқаулықтан алынған  материалдарды  постер  қорғауға бөліп  бердім. Әрбір  топтағы  ұстаздар  постерді  қорғауға қатысты. 1-ші топтан  жұмысқа  тұрғанына 1ай болған қазақ тілінің мұғалімі Жанар өз  ойын еркін жеткізді. Бағалау тек  білім саласында ғана емес,басқа салаларда әртүрлі мағына да  болдатынын атап өтті. Мұғалімдердің бағалау туралы ойларын ,өз идеяларын әр топ постерге  түсіріп,  топ басшылары Фатима, Сымбат,Жұлдыз өз жұмыстарын жақсы қорғады.Постер қорғауда топ мүшелері түгел қатысты.Зина,Жанар,Алиша өз  ойларын  нақты,қысқа жеткізе білді.Әр жұмысты орындамас бұрын , мақсатын хабардар етіп, уақытын белгілеп отырдым. Жұмысты орындау барысында байқағаным мұғалімдерде белсенділіктің, ынтымақтастықтың, топ ішінде жағымды ахуалды аңғардым және спикерді өздері таңдады.«Эксперимент с рисом Эмото Масару-you tube»  бейне  жазбасын   қойып  беріп ұстаздардың   пікірлерін  білдім,яғни  3  стакандағы күріш   оқушыға  көңіл  бөлмесек осы сияқты  болатынын,сондықтан оқушыларды  бөле  жара қарамай оларға  бірдей  қарау керектігін  жеткізді. Әр топ бейне роликті талқылауда өз ойларын  білдірді.Фатима оқушыларымыз  осы стакандағы күріш  сияқты оларды: үш деңгейге бөлмей,бәріне  бірдей  назар аудару керектігін айтты. Рубрика-Критерий-Дискриптор  туралы  дайындалған  слайдты  жас  маман Жанар оқып,сонан соң  критериялды  бағалаудың  қандай  пайдасы  бар  деген  сұрағыма  әртүрлі  ой-пікірлерін айтты.

Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», — деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, сабақты американдық профессор Эдвард де Боно  әдісімен қорытындылаймыз  деп  ақылдың  6  қалпағы  арқылы  аяқтадым. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» маңыздылығын не деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айтты. Жақсы өткен сәттері: ақылдың  6  қалпағы, рефлексия, кері байланыс жасау, топқа бөлу сәттері. Себебі, осы тапсырмалар барысында мұғалімдер белсенділік танытты. Сәтті өткенін әріптесімнің төмендегі рефлексия парағынан да байқадым: «Я пятерку ставлю всем,

А Жанаре сплюсом

Каждый раз работать так,

Все мы захотим.

Чтобы это было скоро,

Обучаться курсу надо,

Но не всех туда направят,

Просто нет замены нам» деп өз рефлексиясын өлең жолдарымен жазғаны менің мақсатыма бір табан жақындағанымның белгісі деп ойладым.

3-бөлім.Бағдарламаның  идеяларына  қатысты  мұғалімдерді   оқытуды  бағалау

Жақсы өтті деп алдыңғы коучингпен салыстырғанда топта  жұмыс жасау  дағдысын айтамын.Психологиялық ахуал тудыру,топқа бөлу, жоспарлау,түрткі сұрақтар қоя білуім бұл менің жетістігім. Яғни, мен топтық жұмысты тиімді ұйымдастырып, әріптестерімнің белсенділіктерін арттырудың жолдарын көрсете алдым. Себебі, коучингке қатысқан әріптестерім топтық жұмыстарды сәтті ұйымдастыра алды,практикаларына өзгерістер енгізу керек деп шешті. Коучинг сабағы кезеңінде топқа бөлу, постер құру, оны қорғау, стикермен жұмыс, тәсілдерді   мұғалімдер тез қабылдады.Топқа берілген тапсырмаларды орындауда жауапкершілікпен қарап,өздерінің қолдарынан келетін мүмкіндіктерін  көрсете білді.Әріптестерім түрлі әдістер арқылы топтастыруды, постер мен стикермен жұмыс жасауды, сергіту сәттерін бейнеролик, түрлі қимыл ойындары арқылы өткізуді, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдануды, сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдістерін, жеті модул аясында тәжірибені түрлендіре беруге болатынын үйренді.

«Бұл   өмірдің  мәні-сіз  бен  біз     емес пе?»-деп  Бөлтірік  шешен  айтпақшы мектеп  өміріндегі  мәні ұстаз бен оқушыны  құндылықққа  айналдыру  мақсатында    жаңа    әдіс-тәсіл  меңгеру  керектігін  атап өттім.Мұғалімдер  оқушыларды  бағалауда  бағалау  парақшасын  дайындау,топқа  бөлу,постер  қорғауды  өз   сабақтарында   қолданамыз деп  шешті.

Сәтсіз болуы кейбір мұғалімдердің алғашқы ортаға шығуы, камераға түсуі,постер қорғауға дағдыланбауы деп ойлаймын.

Болашақта мен мыналарды  басшылыққа аламын:

— коучинг жоспарының нақтылығына,тапсырманың көлеміне.

-тақырыптың өзектілігіне

— теориялық білімді жетілдіремін,кәсіби біліктілікті арттырамын

-ойқозғау,түрткі  сұрақтар қоюға дағдыланамын,жоспардан  ауытқымай  өткізуге төселемін.Кембридж оқыту тәсілін  басшылыққа ала отырып болашақта әріптестеріме тамаша  философ  Имманауил Канттың   өмірлік  қағидасын       «Адамда  әрқашан  да  мақсат болып,ешқашан құрал  болмауы  керек»  деген қағидасын  ұстануға шақырамын.
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp:

1.Мұғaлiмге apнaлғaн нұcқaулық II (негiзгi) деңгей, үшiншi бacылым

  1. Үлеcтipмелi мaтеpиaлдap
  2. Куpc тaпcыpмaлapы