Тақырыбы: Білім мен тәрбие егіз

Тақырыбы:  Білім мен тәрбие егіз

Мақсаты:

 1.Мұғалім  білім бере отырып, тәрбиеберуге дағдыландыру

  1. Өзіндік жұмыс жүргізу барысында саралған білім, дағдаларын

ресурстарды орындау барысында зерделеу

Күтілетін нәтижелер:

1.21 Ғасыр мұғалімі қандай болу керектігін біледі.

  1. Мұғалім жұмысының табысты болуына қалай қол жеткізуді түсінеді
  2. табысты еңбекке қажетті стратегияларды қолданады.

4.Кәсіби қоғамдастықтың мүддесін зерделейді.

5.Түрлендіруші өзгерістерді еңгізуді зерделейді.

  1. Кері байланыс арқылы бағалайды.

Барысы:1.Психологиялық ахуал туғызу. Көршіңіздің атына сын есім қосып,

 бір тілек тіле. Ескерту: Аты қай әріптен басталса

сол әріптен басталатын сөзді ғана қолданасыз.

Мысалы Жайдары Жанат жайнап жүр

топқа бөлу:     Берілген сөздерден  сын есімді , сан есімді, зат есімді сөздер болып топтасыңыздар.

Тоғызқұмалақты, сегізаяқ ,бірлік,  кәсіподақ, қызылшада, қасарысыпты, балта, балға, қалам, пенал, кітап, тақта,оншақты,қаралған, көкпар, алақай, жетіген, күш.

  1. Ресурстармен жұмыс 1 ресурс : «Кешігіп қалмайық » ролик көру.

1топ :  Дебат –әңгіме  Баланы қаралау, және ақтап шығу

2-топ: Баланың әке –шешесіне келуіне кездескен кедергілерді айқындау және де баланың кінәсін  мойындау.

3-топ: Сіздің ойыңыз ша басты кедергісі дарындылығы ма? Өмірмен байланыстырыңыз.        10мин

2 –ресурс:   Мұғалімдер күніне сценарий әзірлеу ,2 топ құрастырушы топтар, 3 топ бағалаушы . Критерий құрастырып, бағалау.   10мин

3- ресурс:  1-топ   Блиц ойыны Интервью алу .

Тақырыбы:  болашақ мектебі қандай болмақ?   5мин

2топ:  Рольдік ойын:  «Көшбасшы » ойыны. Мектептің демеушісі мұғалімдер күніне  дем алуға 40 000 теңге берді.  Бұл ақшаны қалайша ұстауға болады?

  1. Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз әрқашан дұрыс шешім таба аласыз
  2. Сіз ылғи да күмәнданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз
  3. Сіз қандай да болса идеяны жоққа шығара білетін сыншысыз
  4. Сіз еш келісімге келе алмай жүрген дерді татуластыра білетін бітімгерсіз
  5. Сіз қорытындылауды жақсы білетін аналитиксіз
  6. Сіз көпті көрген тәжірибелі адамсыз.Сіз әрқашан жақсы шешім ұсынасыз

3 топ:  Іскерлік ойын: Кәсіби қоғамдастық құрудың маңызы бағытталған ресурспен жұмыс 5мин

Тақырыбы:  Ана мен әке махаббатына   әр топтан пікірлер,  ұсыныстар

қабылдап,      «swot»  анализ  күшті жақтары, әлсіз жақтары,  қауіпті жақтары  және   мүмкіндіктерін анықтау және  қорғайды. 5мин

 

Кері байланыс : екі жұлдыз бір тілек