ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ: ТАҚЫРЫП: Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
- ТАҚЫРЫП: Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер
- ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды тануға мүмкіндік беру
Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға назар аудару
- КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Зияткерлік тапсырмалар,оқушы әлеуетін дамыту мақсатында зерттеулер пайдасын біледі.
Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады;
Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
- МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Деңгейлі бағдарлама бітірген аудан мектеп мұғалімдері
- ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Амандасу; «Жүрек жылуы» тренингі; Топқа бөлу;
Көңіл-күйлерін бағалау;
Алғашқы кезең:«Түстер қасиеті таңғажайып».(АҚПАРАТ БЕРУ)
Негізгі кезең : Шығармашылық тапсырма «Суреттер сыры неде?»
Қатынасушылармен жұмыс «Сиқырлы шаршылар»
«Тапқырлық» Логикалық есептер
Қол — мидың жалғасы. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»
Сергіту сәті «Гүл құпиялары»
Зейінді зерттеп зерделе «Мюнстерберг» әдістемесі
Топтастыру (Қорытындылау) «Ойға алайық, ойлана білейік..» Дарындылықты айқындау
Рефлексия
- ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, Таланты және дарынды балаларды оқыту, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ:Топау, тренинг, миға шабуыл, Еркін әңгіме, сергіту сәті, мозаика, «Мюнстерберг» әдістемесі,
- ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:Интербелсенді тақта, стикер, ақ парақшалар,
ресурстар, гүлдер, танымал тұлғалар суреті, түрлі –түсті қағаздар, маркер,
- ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР:МАН, Интернет ресурстары
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :
Жұмыс кезеңі: Кіріспе бөлім | Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | уақыты | Ресурстар
|
Амандасу Топқа бөлу Мозайка әдісі
| Қатынасушылар-ды түстер арқылы « Танымал тұлғалар» деп топтастыра отырып, топқа бөлу. | Мұғалімдер түсті қағаз қиындыларын жинастыра отырып топтарға бөлінеді | 1 мин | Танымал тұлғалар суреті бар түрлі –түсті қағаз қиындылары |
Танысу | «Жүрек жылуы» тренингі арқылы әріптестермен танысу | —Оң алақандарын жүрек тұсына қойып,өз жүректерінің қандай екенін айтады.. -алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу | 2 мин | |
Көңіл-күйлерін бағалау
| Бастапқы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіну | Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астына жапсырады | 2 мин | стикер |
Алғашқы кезең:«Түстер қасиеті таңғажайып» (Ақпарат беру) Әдісі: Еркін әңгіме Мақсаты мен міндеті : Көшбасшы лығын, жауапкерші лігін ынталандырып, мұғалім нің материалды қайта -дан пайдаланбауын болдырмау | әр топ өздері таңдаған түсін өмірмен, мамандықпен,бүгінгі тақырыппен, көңіл күймен байланыстыра қорғайды. Топтан бір адам сөйлеуге болады. | Ой түйіндейді Қорытады қорғайды | 5 мин | Танымал тұлғалар суреті бар түрлі –түсті қағаз қиындылары |
Негізгі кезең Мағынасын ашу
| Суреттер сыры неде?
| — сұхбаттасады. — талқылайды. — сұраққа жауап іздейді -ой түйіндейді -Ой қорытады | 3 мин | А3 салынған суреттер |
Қатынасушылармен жұмыс | «Сиқырлы шаршылар» | Логикалық тапсырмалар орындайды | 2 мин | Ақ парақша |
Миға шабуыл | «Тапқырлық» — логикалық есептер. (Ақпарат табу) | Есептерді шешеді | 3 мин | Акт |
Қол — мидың жалғасы. Психологиялық сәт: «Психогеометрия» | Табиғи бейімділігімізді анықтау Саусақтарымыз ды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз. | Алақан бойынша бейімділік сал сын анықтайды Қорытынды: 1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз — басқарушысыз. 2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің — қорғаушы әскери қабілетіңіз мол. 3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз — дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз. 4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз. 5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз — дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады. | 5 мин | ақ парақ шалар маркер, сызғыш |
«Сергіту сәті» «Гүл құпиялары» | Топтағылар неге икемділіктері бар екендігі арқылы дарыны мен қабілетін көрсетеді | Берілген тапсырмаларды орындайды | 3 мин | гүлдер |
Зейінді зерттеп зерделе «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады. | Зейін анықтаудың жолын көрсету Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. | Жағымды әуен ырға -ғында орындайды Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады. | 2 мин | Парақша лар |
Топтастыру «Ойға алайық, ойлана білейік» (қорытынды) | Терминдерді топтастыру | Терминдерді мағынасына қарай топтастырады,дарындылықтың түрлері -мен танысады, өздері дарындылардың қай тобына жататын дығын анықтайды. | 2 мин | парақша лар |
Рефлексия | «Тыныштық және табиғат» әуен ырғағы НЕ үйрендім? Мен үшін не жаңа болды? Маған не қиын болды
| 1.Сабақ соңындағы көңіл күйлерін бағалау 2.Сабақ жайлы пікірлерін жазады. Кері байланыс | 3 мин | Стикерлер, бағалау парақтары |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР РЕСУРСТАРЫ ТІЗІМІ:1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 26-30 бет
2.А.Әлімбаев «Оқытудағы интербелсенді әдістерді ЖОО пайдалану»
- «Ол кім? Бүл не?» Анықтамалық
- Ғаламтор ресурстары www.tarbie.kz