«Жаңа модульдің 7 кереметі» коучинг сессиясының жоспары
«Жаңа модульдің 7 кереметі» коучинг сессиясының жоспары
Тақырып | Жаңа модульдің 7 кереметі. |
Сілтеме | 3-деңгейлік МАН, интернет материалы |
Жалпы мақсаты | Әріптестерімді 7 модульдің негізгі ұғымдары мен тәсілдерімен таныстыра отырып, практикасында пайдалану жолдарын ұсыну. |
Күтілетін нәтиже | 7 модуль әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесіне жинақтау. |
Түйінді идея | Оқушы қызығушылығын арттыратын тәсілдер. |
Ресурстар | Маркер, А3, А4 парақтар, стикерлер,желім,қайшы,бейнежазбалар |
Коучинг сессияның өту барысы
Коучинг сессияның өтілу кезеңдері | уақыт | Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру
| 2 мин | Тренинг «Көршімнің керемет қасиеті». (Жұптар бір-бірінің алақанына жақсы қасиеттерін жазып, өздері туралы не жазғандарын табулары керек. |
Бейнежазба көру | 3мин | «Әлемнің 7 кереметі» |
Толғаныс сәті | 2 мин | Бала бойындағы кереметті қалай көруге болады? |
Топтық жұмыс | 7 мин + әр топқа 3 мин | Менің мамандығымның 7 кереметі. |
Презентация | 20 мин | Жаңа модульдің 7 кереметі.(Әр бөлімін топтарға арналған тапсырмалармен ашу) 1-керемет: «Әр бала – бір әлем» (Бала Жамбылдың бейнебаянын көрсету) 2-керемет: «Ойынмен шыңдалған көшбасшылық» (Президент, әкім, директор т.б. сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таңдап, сол бойынша өздерін жарнамалап таныстыру. 3-керемет: Оқу үшін бағалау (Бір-бірінің жекелей көшбасшылық қасиеттерін жұлдызшамен бағалау, топ ерекшеліктерін стикерге жазып ұсыну, бәрі өз жұмыстарына шапалақпен қолдау көрсету. 4-керемет: Жаңа әдіс – жақсы іске бастама (топтық оқыту, диалогтық оқыту, сыни ойлауға бағыттау т.б.) 5-керемет: АКТ (интербелсенді тақта, интернет, слайд, тест т.б. үлгілерімен жұмыстану мүмкіншіліктерін көрсету) 6-керемет: Жас ерекшелігіне қарай оқыту (Әр топ оқушылардың жастары жазылған кеспе-қағаздарды таңдап алады да, сол жастарға сәйкес ән айтулары керек. 7-керемет: Құзіретті мұғалімнен құзіретті оқушыға (сыни толғаныс) |
Кері байланыс | 3 мин | Коучингтің сәтті, сәтсіз тұстары және сіздің ұсынбаңыз. |
Жауапты: | А.Б. Кайсакова |