«Дарынды және талантты балалар – мектеп айнасы» коучинг жоспары
«Дарынды және талантты балалар – мектеп айнасы» коучинг жоспары
Тақырыбы | Дарынды және талантты балалар – мектеп айнасы |
Мақсаты | Дарынды және талантты балалармен жұмыстың өзектілігін айқындау |
Күтілетін нәтиже | Дарынды және талантты балалармен жұмыс жолға қойылады және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді жолдары қарастырылады. |
Түйінді сөз | Дарынды және талантты балалармен жұмыс – мұғалім-нің басты міндеттерінің бірі. |
Ресурстар | Постерлер, маркер, стикерлер, таратпа парақтар, видео-роликтер |
Бағалау | • Бағдаршам. Қызыл түс – түсінген жоқпын; Сары түс – әлі де практика қажет /сұрақтар бар/; Жасыл түс – барлығы түсінікті. |
Сабақтың барысы | |||
Кезеңдері: | Уақ. | Коуч әрекеті | Коучингке қатысушылар әрекеті |
Тренинг
Топқа бөлу
Тақырыпқа ену | 5 м | «Сатамын және сатып аламын» тренингі, шартын түсіндіреді
Әншілер, ақындар, әртістердің есімдері арқылы қатысушылар үш топқа бөлінеді.
Дарынды, талантты балалардың суреттерін көрсетеміз. Сұрақ: Мына суреттерге қарап сіздерге қандай ой келеді? /ой шақыру/ Бүгінгі біздің кездесуі-міздің тақырыбы «Дарынды және талантты балалар – мектеп айнасы» деп аталады. | Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып, оның жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы,«Мен еріншектігімді сізге сатып, сіздің еңбекқорлығыныңызды сатып аламын» Мысалы: Роза Әлқожа, Әсия Беркенова, Асанәлі Әшімов және т.б.
Мұғалімдер коучтың сұрағына жауап береді |
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы бейнеролик | 15 мин | «Біз білмейтін…» айда-рында дарынды бала Алихан Байсұлтанов туралы және «Кішкен-тай жұлдыздар» талант-ты балалар туралы бей-нероликтер көрсеті-леді. | Қатысушылар көрсетілген бейнероликтерді ауызша талдап, ойларымен бөліседі.
|
Тақырыпты өрбіту мақса-тындағы топ-тық жұмыс /постер қорғау/ | 9 мин | Дарынды және таланат-ты баланың бейнесін жасау және сипаттау | Постердің ережесі: 1. Дарынды және талантты баланың бейнесін анықтау 2. Қандай жұмыс түрлері жүргі-зіледі 3. Баланы қалай мектеп айнасы ретінде жасайсыз. Топтар постерлерін жасап, қорғайды. Өз ойларымен бөліседі. |
Бағалау | 2 мин | Топтар бірін бірі бағалайды. | Бағалау парағына балдық жүйемен бғаланып, себебі түсіндіріледі. |
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы топтық жұмыс /жағдаятты сахналау/ | 15 мин | Топтарға жағдаяттар беріледі. | Қатысушылар жағдаяттарды оқып, сахналайды. Келесі топтар жағдаяттың шығу жолын айтады. |
Бағалау | 2 мин | топтар бірін бірі бағалайды | Топтар бір – бірін шапалақ арқылы бағалайды. 3 шапалақ ұру – 5, 2 шапалақ – 4, 1 рет шапалақтау – 3 дегенді білдіреді. |
Сергіту сәті | 2 мин | бейнеролик арқылы би қимылдары көрсетіледі | Бейнеролик арқылы қимылды би билейді. |
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы топтық жұмыс | 5 мин | Тапсырма Үш түсті жапыраққа мектептегі дарынды және талантты балалар, талантын аша алмай жүрген оқушы-ларды анықтау мәселелері жайлы : Мектеп дарынды бала-лардың аты – жөнін жазу, дәлелдеу (жасыл жапырақ), талантты балалардың аты – жөнін жазу, дәлелдеу (сары) дарыны мен талантын аша алмай, өзін – өзі көрсете алмай жүрген оқушының аты – жөнін жазу және себебін анықтау (қызыл) | Топтар оқушылардың аты – жөнін жазып, себебін түсіндіреді және ағашқа әкеліп іледі. Өз ойларымен бөліседі. |
Бағалау | Бүгінгі коучинг тақы-рыбын мүлде түсін-беген топ бағдаршам суретіне қызыл түс, практика қажет /сұрақтар бар дейтіндер – сары түс, барлығын түсінген топ Жасыл түске тілек, өтініштерін жазып, жапсырады. | Әр топ талапқа сай бағдаршам суретіне сөздер жазылған стикер-лерді жапсырады. |